«Үлкен үй»
Кинотуынды қазіргі қоғамдағы ең өзекті жемқорлық мәселесін қозғайды. Осы арқылы мейірімділік, адалдық, қайырымдылық сияқты адами құндылықтарды насихаттайды.
Өте бай шенеунік ұрланған ақшаға зәулім үй салады. Тексеріспен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы келгенде, бұл үйдің қайырымдылыққа салынғанын, кедейлердің мұқтаждығына арналғанын айтып құтылады.
Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің принципшіл генералы аталмыш істі өз бақылауына алады. Енді шенеунік күдік тудырмас үшін көпбалалы отбасын, екі қаңғыбасты, үйсіз жүрген студенттерді, тіпті бұрын түрмеде отырған тұтқынды да үйіне кіргізіп, барлық жағдайды жасауға мәжбүр. Оқиғаның ары қарай қалай өрбитінін «Үлкен үй» телехикаясынан көре аласыздар!