«Ақ пен қара»
Ромео мен Джульеттаның қайғылы махаббаты туралы Шекспирдің оқиғасы көпшіліктің жүрегін жаулаған еді.
«Ақ пен қара» телетуындысы да екі отбасының кек пен өшпенділігі және сол оттың арасында қалған ғашықтар жайлы. Зиялы отбасыдан шыққан жігіт мас күйінде бір жанды қағып, апат орнынан қашып кетеді. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам жазадан құтылады деп қорқып, зардап шеккен отбасы өздері қылмыскерді таппақшы болады. Оқиға шиеленіскен шағында Бекнар мен Жанияның тағдырлы кездесуі болады. Махаббаттың құдіреті қақтығыс пен алауыздықты жеңе ме екен?! Ғашықтардың ертеңі қалай болатынын бірге тамашалайық.