«Бозторғай. Жылы ұя»
Нұрлан мен Қарлыға асырап алған 10 баланы өздерінің екі баласымен бірге ешқайсысын кемсітпей бағады. Нұрлан жұмыссыз қалып, Қарлыға үйде бала қарап отырғандықтан, оларды тұрмыстың тауқыметі қысады. Көмек қолын созғысы келген адамдардан Нұрлан намыстанып, ештеңе алмайды. Түрлі жұмыстарға жалданып, күні-түні еңбек етеді.
Қарлыға өзі асырап алған балалардың тегін анықтап, олардың ата-аналарымен кезігіп, олардың тағдырымен танысады. Өз істеріне өкініп, өмірде жолы болмай жүрген жандар балаларын қайтарып алғылары келмейтінін айтады. Балалар да осы жағдайдан кейін Қарлыға мен Нұрланға бұрынғыдан да қатты жақындай түседі.
Кеңестік дәуір құлаған шақта өздері қиын жағдайда бола тұра жетімдер үйінен 10 бала асырап алған Нұрлан мен Қарлыға шаңырағының басынан кешкенін бірге тамашалайық!