«Келінжан 5» телехикаясы
Төрт маусымға созылған туындының басты ерекшелігі – шынайылығында. Отандастырымыз картинадан өздерінің тұрмыс-тіршілігін сырттан бақылайды, ауыл өміріне енеді. Қай маусымда болмасын шығарманың ең әуелгі міндеті үлкенді сыйлау, отбасы құндылықтарын насихаттау болатын. Ауылдың мамыражай өмірін көрсету арқылы, ауыл - руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екенін көрсетпекшіміз.