«Qimyldama» телехикаясы
Бауыржан түрлі контентпен аудитория жинап жүрген блогер. Кезекті контент түсіру мақсатында полицей формасын киюге қатысты алдау операцияларының бірі ерлікпен аяқталады. Ол қарақшыларды жалғыз өзі ұстап, кешкі жаңалықтар мен ғаламтордың басты жаңалығына айналады. Бауыржанды полицей ретінде марапаттамақ болған кезде түсініспеушіліктер туындайды, оған деген көзқарас өзгереді, пікірлер екіге бөлінеді. Бұған ашуланған Бауыржан өз парақшасынан тікелей эфирге шығып, полицияға қарсы шығады. ІІД-нің полиция подполковнигі Тілеков бұл шуды пайдаланып қалуды ұйғарады. Ол Бауыржанға полиция қызметкерінің «орнында болуға» шақырады.
Блогер құқық қорғау органдарының ішкі өмірін көрсету үшін полиция қызметкеріне айналады. Бірақ оның өмірінде тосын жағдайлар көбейеді. Ол полицейлердің бізге беймәлім сырын ашып, тәртіп сақшыларының қауіпті де қым-қуыт тіршілігін ашық көрсетеді. Тіпті оның жеке өмірі осы саладағы белгілі тұлғамен байланысты болып шығады..