«Мәдениет үйі» телехикаясы
Консерваторияны тәмамдаған Шұғыла Төртбұлақ ауылдық мәдениет үйіне жолдама алады. Атауын мүлде естімеген ауылға тәжірибе жинау үшін аттанған жас маман көркемөнер саласы кенже қалған мәдениет үйін жандандыруға бел буады. Өнерпаздар жинау үшін ауыл ішіне кастинг жариялайды. Алайда Шұғыланы ауылдағы өнердің жай-күйі қатты қапаландырады. Ауылға келген қызға көзі түскен электрик Сәулелі Сәулебектің күн сайын ғашықтық сезімі еселене түседі.
Шұғыланың бұдан кейінгі шешімі не болмақ? Ал қыз сезімінен үмітті Сәулебек қалай өзгереді? Филармонияға түсуді армандаған Шұғыланың мақсаты орындалды ма? Бірге тамашалайық!