«Пәленшеевтер 3» телехикаясы
«Пәленшеевтер» телехикаясының жаңа маусымында эпизодтық актерлер қосылады. Олар – осы отбасының туыстары. Әр бөлімде жаңа кейіпкер жаңа оқиғалар мен күлкілі ситуациялардың эпицентрінде болады. Жаңа бөлім сайын Пәленшеевтердің бұрын қалыптасқан дәстүр-заңдылықтары өзгеріске ұшырайды.
Скетч-комедияның негізгі кейіпкерлері – әлеуметтік жағдайы мен жастары әртүрлі Пәленшеевтер отбасының мүшелері. Олар:
Ата-ана. Олар – барлығы сияқты зейнетке шығып, телехикая тамашалайтын, қонақ күтіп, қонаққа баратын, кезекте тұратын, аулада отырып көршілерді әңгімелейтін қарапайым жандар.
Үлкен ұлы – МАИ қызметкері. Ол үнемі дұрыс жолды ұстанғысы келгенімен, әрдайым олай бола бермейді. Оның жұбайы емханада дәрігер болып қызмет етеді, желілік маркетингпен айналысады.
Екінші ұлы банкте қызмет етеді. Туыс-туғандары үнемі жұмысына келіп, ол арқылы несие алғысы келеді.
Қызы – студент. Оның қатысуымен жастардың басынан өтетін (университетте, кафеде, клубта) ситуациялар көрсетіледі.
Үшінші ұлы жұмыссыз. Үнемі жұмыс іздеп жүреді. Әр бөлімде жұмысқа тұрғысы келіп, қосымша іс іздейді. Бірақ әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
Телехикаядағы әрбір отбасы мүшесі – өзінің мінезі, әлемі, өмірлік мақсаты және кемшіліктері бар комикалық кейіпкер. Олар әрдайым түрлі ситуацияға тап болады.
Ендеше осы қызыққа толы телехикаяны бірге тамашалайық!