Хабар телеарнасы

ТЕМІРТАС

ТЕМІРТАС

ХХ ғасырдың басы мен бел ортасы қазақ тарихында күрделі кезең болып табылады. Ел егемендігін алғалы бері осы кезеңдегі ақтаңдақ беттер ашылып, тарихи сана қайта жаңғыруда.

Тарихи дәуірдің шындығын тереңірек аша түсу үшін уақыт пен кеңістіктің, тарихи оқиғалардың шиеленіске толы кезеңі ретінде ұсынбақпыз. Қазақ тарихындағы қасіретті кезеңнің ащы шындығын көрсетпекпіз.

Голощекиннің билік басында отырып, қазақ зиялыларын біртіндеп құртуымен қарапайым қазақы ауылдағы Валентинаның бастан кешкен оқиғалары, күйзелген жұрттың тағдыры, драмасы, трагедиясы көрсетіледі.

«Жаңбырдан кейін қарға ұрындық» деп Мұстафа Шоқай айтқандай, өткен ғасырдың 20 жылдарындағы ұлттың бас көтеруінен кейін «қарға ұрынған» қазақтың тағдыры шынайы оқиғалармен суреттеледі.

60 жылдары Мәскеуде білім алып жүрген қазақ студенттерінің басынан кешкен кешірмелері мен ұлттық сананы оятуға атсалысқан «Жас тұлпар» ұйымының айналасындағы оқиғалар арқылы 30 жылдарда қазақ даласында орын алған қасіретті жылдар қатар көрсетіліп отырады.