«Тұншыққан сезім» телехикаясы
«Тұншыққан сезім» – сюжеттік желісі шиеленіске толы телехикая. Мұнда екі отбасының тағдыры баяндалады. Оқиға басты кейіпкер Әлібек пен оның баласы Айбектің басынан өткен оқиға төңірегінде өрбиді. Әлібек бір кездері тағдыры түйіспеген ғашығын 20 жыл өткеннен кейін кездестіреді. Ал ұлы Айбек әкесінің бұрынғы махаббатының қызына ғашық еді...
Мұнан бөлек телехикаяда бизнес, отбасы, ақша секілді қоғамдағы тағы да басқа өзекті мәселелер де көтеріледі.