«Мерейлі отбасы 2021». Әлиевтер әулеті /Шымкент қаласы
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» осы тәмсіл Әлиевтер отбасына арналып айтылғандай. Отағасы Бачаг Әлиевтің айтуынша, ән айтып, жыр шығару – бабалардың салған жолы. Сол сара жолдан жаңылмау бұл жанұяға парыз десек, соның өтеліп жатқанын анық аңғаруға болады. Отанды құрметтеу әуелі өзіңді және жан-жағыңды сыйлаудан басталады. Осындай тұжырымды жадына тоқыған бұл отбасының елге, жерге деген ықыласы ерек. Бұл жанұя атақ пен абыройдың асқақтауы да елдің арқасы деп біледі.