Қырғыз Республикасы. Манас батыр ескерткіші. «Бабалар ізімен»
Ол – тұтас ұлттың жаны. Сондықтан оны ешкімнің бұрмалауға құқығы жоқ. Өмірде қалай болды дәл солай өрілуге және кейінгі ұрпаққа берілуге тиісті. Өкінішке қарай, атаулы заңдылыққа бағынбай, адамзат айнасының көлеңкесінде қалып қойған тұстар көп.
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының үзеңгіге аяқ артып, әлемнің түкпір-түкпірін аралаудағы жөні де көрінбей қалған көне деректердің көзін аршу еді. Керуен сапының ат ізін суытқан келесі аялдамасы – Қырғыз Республикасы.