«Бабалар ізімен»
Өткен тарихын өзегінде сақтаған ел діңгегі мықты ағаш секілді. Қандай дүлей дауыл соқса да құламай, жайқалып биікке бой түзейді. Қазақ халқы да осындай қауқарға ие, тек тамырға балта шаппай, оның қай жерге дейін таралып жатқанын табу керек.
Тұлпардың тұяғымен жазылған тарих. Дауылпаз дәуірден қалған дала дастаны. Тамыры терең бай тарихымыз бен көнеден келе жатқан мәдениетімізді жаһан жұртшылығына көрсетуді, насихаттауды мақсат тұтып, әлемнің түкпір-түкпірін аралап жүрген ғылыми экспедиция жайлы «Бабалар ізімен» бағдарламасын көріңіздер!