Литва. Қарайымдар. Литов княздігі. «Бабалар ізімен»
Ондағы ойдың төркіні бұрынғы шақты бұра тартуға болмайтынын білдірсе керек. Тарих қалай өрілді, солай қабылдау міндет.
Бүгінде ешкімге есеп беретін ел емеспіз, тәуелсізбіз. Сондықтан өтірік пен шындықтың аражігін ажыратып алу – ұлттың алдында тұрған тағы бір міндет. Тап осы жолда табанды еңбек қылып жүрген «Бабалар ізімен» экспедициясы Литвада аялдады.