Хабар телеарнасы

«Жеті күн». Президент Тәжікстанға ресми сапармен барды. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті

1. Президент Тәжікстанға ресми сапармен барды 2. Елбасы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты 3. Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті
4. Елбасына доктор атағы берілді 5. Н.Назарбаев: Еңбек өнімділігін көбейту керек 6. Елбасы Шимон Переспен және Ақылмандар кеңесінің мүшелерімен кездесті
7. Құрылысшылар доллардан бас тартты 8. Бағаның негізсіз шарықтауына жол берілмейді 9. Келер жылы әлеуметтік салаға шамамен 350 млрд теңге қосымша қаржы құйылады
   
  10. Мәжілісте маңызды мәселелер талқыланды  

1. Президент Тәжікстанға ресми сапармен барды

Қазақстан Президенті Тәжік топырағына 8 жыл бұрын ресми сапармен келген еді. 2007 жылы дәл қыркүйектің 13-інде қос Көшбасшы Душанбеде төс қағыстырған болатын. Алайда халықаралық атаулы шараларда Рахмон мен Назарбаев жиі жүздеседі. 

Дипломатиялық иерархия бойынша ресми сапардың мәні зор, жауапкершілігі жоғары. Қарсы алушы тараптың Нұрсұлтан Назарбаевқа деген пейілі ерекше көрінді. Себебі дәл бүгін дос елдердің дипломатиялық дәптеріне алтын әріптермен жазылатын оқиға болады. 

Нұрбек Әмиша, тілші 

-Тәжікстан мен Ауғанстан арасын 1344 шақырым шекара сызығы бойлап жатыр. Терроризм мен экстремизм ошағы ауған жеріне тым жақын орналасуы тәжіктің ғана емес, енді оның стратегиялық серіктесі Қазақстанды да тыныш отырғыза алмайды. Сондықтан дәл осы сапарда қос тарап Стратегиялық серіктестік келісіміне қол қойды. 

Стратегиялық серіктес болу арқылы екі жақ енді бұрынғыдан да етене жақын араласады. Аймақтық қана емес, әлемдік деңгейдегі қадамдарда бір-біріне сүйеу болып, тамырлас әрі тағдырлас елге айналады.  Бұл – ықпалдастықтың, сенімділіктің жоғары деңгейі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Экономикалық байланыс, әрине, үлкен маңызға ие. Экономикалық байланыс өсіп жатқанымен, негізгі тұстарда айтарлықтай дамып жатқан жоқ. Сондықтан бүгінгі қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы келісімшарт, оған қоса 80-ге жуық келісімдер жақсы база. Тәжікстан мен Қазақстан арасында ешқандай дау туғызатын мәселе жоқ. 

Сондықтан Стратегиялық серіктестіктің мөрі басылды. Айтпақшы, Қазақстан өзінің стратегиялық әріптесі ретінде кез келген мемлекетті тани бермейді. Мәселен, еліміз бұған дейін осы мәртебелі мәмілеге АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Өзбекстан, Түркия, Иран мемлекеттерімен қол қойған еді. 

Қазақстан-АҚШ, Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Ұлыбритания, Қазақстан-Франция, Қазақстан-Өзбекстан, Қазақстан-Түркия және Қазақстан-Иран мемлекеттерімен қол қойған еді. Бұл озық тоғыздыққа енді тәжік туғандар де кірді. 

Эмомали Рахмон, Тәжікстан Республикасының Президенті 

-Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде адам танымастай өзгерді. Қазіргі кезде әлемге әйгілі. Біз нағыз дос ретінде бұл игі істерге қуанамыз, таң қаламыз және бұл қазақстандық тәжірибені үйренеміз. 

Қазақстан бауыр елден барын аямайды. Инвестиция салды, гуманитарлық жәрдемін де жіберіп жүр. Екі ел арасында бекіген 80-ге жуық келісімнің ішінде еңбек мигранттарының еркін жүріп-тұруына арналған құжатты да нұсқай кетуге болады.

Қазақстан тәжік жастарының біздің елде білім алуы үшін тегін гранттар бөледі. Сонымен бірге ақпараттық қауіпсіздік, әскери және спорт салаларында бірлесіп атқарар шаруа шаш-етектен. Өткен жылы тауар айналымы 700 млн доллар шамасында ғана болған. Алайда экспорт пен импорт азайған. Демек құлдилаған экономикалық қатынасты көтеретін кез келді. Тәжіктің тау-кен өндірісі, түсті металл, машина құрастыру, энергетика, тамақ өнеркәсібі, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығына Қазақстанның қызығушылығы жоғары. 

«Тұлпар тальго» зауытының тепловоздарының да негізгі тұтынушылары – таулы өңір. Дәнді-дақылдар, мұнай, газ, құрылыс заттары Тәжікстанға саудаланады. Ал ресми Душанбе ауыл шаруашылығы өнімдері, кептірілген жемістер, жаңғақ, жүзім секілді азық-түліктерді саудалайды. 

Әріптес елдер әлем алдындағы абыройын да бірге ойлайды. Стратегиялық тұрғыдан қос тарап дүниежүзілік деңгейде де бір-біріне демеу болуға мүдделі.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы благодарны таджикской стороне за поддержку нашей кандидатуры в непостоянные члены Совета безопасности ООН. Ваша страна также занимает конструктивную позицию по вопросам водно-энергетических отношений.

Су энергетикасы демекші, Тәжікстан Памир тауынан таралатын Сырдария мен Әмударияның сағасында отыр. Тәжік пен қырғыз мол суды электр энергиясын алу үшін қолданғысы келсе, төменгі ағыстағы Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстанға су аз түседі. Тәжік тауларының мұздақтары – Арал теңізінің негізгі нәрі. Тіршілік көзі – тұщы суымыз. «Сондықтан трансшекаралық өзендерді өзара бөлісуде жеке мүдделерді мүлдем жою керек», – деп мәлімдеді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Водно-энергетический вопрос. Всем нам соседям здесь надо договариваться, а не ругаться, дуться друг на друга. Мы все равно к этому должны прийти, потому что нам здесь жить, нашим детям здесь жить. Надо строить отношения на долгое время. 

Тәжікстан бүгінде іргесіндегі Ауған наркодәлізіне айналып отырғаны жасырын емес. Мұнан бөлек бүлікшілер, террористер де Тәжікстан арқылы бері өтіп, Орталық Азия өңіріне таралып жатыр. Сол үшін Қазақстан да Тәжікстанның тыныш болуына мүдделі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Таджикистан находится на острие борьбы с терроризмом. Близость границы Афганистана постоянно здесь теребят Таджикистан, хотят сюда пролезть, дестабилизировать. Последние события, которые произошли внутри, наверное, не без вмешательства извне. Все эти трудности мы знаем и считаем, что Таджикистан здесь, как форпост и что наши спецорганы должны близко сотрудничать. 

Ұлы даланың ұландары қазақ пен тәжік кешегі ортақ тарихын ұмытпау керек. Тарихи жадыны жаңғырту арқылы қарым-қатынас күшейеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы отметили на днях 550-летие первого ханства казахов. Вы же знаете, что наша история после Октябрьской революции была или российская, или с 1917 года. Мы чуть не забыли свою собственную великую историю, потому что здесь в нашем регионе проходили великие события. Столько народов, смешений культур и если все это вспомнить наша молодежь в будущем будет еще больше сближаться, потому что у нас есть великая большая общая история. 

Сөзінің дәлелі ретінде Нұрсұлтан Назарбаев тәжік мемлекеттілігінің негізін салушы, елі үшін ерен еңбек сіңірген Исмаил Сомони ескерткішіне арнайы барып, құрмет қылып, гүл шоқтарын қойды. Кейін Елбасы Тәжікстан Парламенті Жоғары жиналысының Өкілдер палатасының төрағасы Шукурджон Зухуровпен жүздесті.

Сапардың ресми бөлігі бітті. Кешкілік Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусь елдерінің басшылары, яғни әріптестерімен кездесіп, емін-жарқын пікір алысты. 

Авторлары: Нұрбек Әмиша, Қанат Әбілдин, Руслан Жәкеев 

2. Елбасы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты

Терроризм - ХХІ ғасырдың басты проблемасына айналып, қарапайым халықты қырып, тарихи құндылықтарды жойған қанқұйлы әрекет. 

Діни сипат беріп, мемлекет атауын теліп, Ауғанстан, Ирак, Сирияға содырлардың кіргізілуі олардың тікелей Орталық Азияға ойысуы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мүшелерінің мазасын ала бастады. Сондықтан Қазақстан, Ресей, Армения, Белоруссия, Қырғызстан президенттерінің Душанбедегі басқосуының басты тақырыбы да терроризм мен экстремизм болды. 

Ел басшылары Касри Миллат ғимаратында әуелі жабық жағдайда кеңесті. Сосын кеңейтілген отырыста пікір алысты. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық террористік ұйымдар тарапынан келетін келеңсіз әсерге аса мән берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Одним из главных вопросов является потенциальная угроза безопасности. Она исходит, прежде всего, со стороны международных террористических организаций и это, прежде всего, ощущают здесь в Центральной Азии. К сожалению, и это надо честно признать, отдельные граждане стран членов ОДКБ примыкают к этим радикальным структурам, выезжают в горячие точки на Ближнем Востоке и Афганистане для участия в антизаконной деятельности, этот факт требует принятия действий с нашей стороны. 

Душанбенің бас даңғылы жабық. Көшелердегі күзет күшейтілген. Себебі тәжіктің бас қаласына 5 бірдей елдің Көшбасшысы бір күнде келді. Оның үстіне Душанбенің іргесіндегі таулы аймақта бұрынғы Қорғаныс министрінің орынбасары Әбдухалім Назорзоде басқарған бүлікшілермен күрес жүруде. Демек, Тәжікстанда саммиттің өтуі бұл елдің ұйымға төрағалық етуімен ғана байланысты емес, терроризм қаупі де осы жерде аса жоғары. 

Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы Тәжікстан лаңкестікке қарсы күрестің алдыңғы шебінде екенін еске салып, экономикалық қиындықтарға қарамастан көмек көрсетуіміз керек екенін айтты. Мәселен, Қазақстан бауырлас мемлекетке биылдың өзінде 2,7 млн доллардың азық-түлік және құрылыс материалдарын жіберді. Ал Ауғанстан аумағында экстремистік топтар белсенді жұмыс істейді. Кабул жеріндегі теріс пиғылды топты тыныштандарып, Ауғанстанның бейтарап та, гүлденген өңірге айналуы құрлықтағы елдерге қажет. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Для адекватного реагирования на риски и вызовы, исходящие с афганской территории, необходимо наращивать совместные усилия в рамках ОДКБ, как на двусторонней основе, так и в рамках работы других международных организаций. Мы продолжаем оказывать техническую и гуманитарную помощь Кабулу, ежегодно поставляя продовольствие, топливо, медикаменты, а также обучая афганскую молодежь в ведущих казахстанских вузах. 

Қазақстан Президенті: «Ұйымның жедел әрекет ететін ұжымдық күштерінің жауынгерлік қабілетін арттыру қажет», – деді. Бұл пікірді Владимир Путин де қолдады. «Террористік шабуылдарға қарсы күресті күшейтудің бір жолы – халықаралық коалоция құру», – деді Ресей Президенті. 

Ауған жерінде құрылған қарулы топтар Ирак, Сирия жеріне жетіп, халықты жаппай жазалауға көшті. Енді Орталық Азия елдеріне шабуыл жасауды ашық жариялап отыр.  

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті 

-Геосаяси амбицияларды тоқтату керек. Екі жақты стандарттардан бас тартып, тікелей және жанама арнайы террористік топтарды өз мақсаттары үшін, оның ішінде ешкімге жарамсыз Үкімет пен режимді ауыстыруға пайдалануды доғару қажет. 

Ұжымдық шарт туралы ұйым экстремистік топтарға азаматтарды тартқан 57 мың сайтты анықтаған. Оның 50 мыңы жабылған. Ал бірлестіктің жедел әрекет ететін әскери күшінің оқу-жаттығу жұмыстарын ширату қажет. 4000 әскер осы мақсатта жұмыс істейді. 

Эмомали Рахмон, Тәжікстан Республикасының Президенті 

-Өкінішке орай өңірге төнген қауіп пен қатер көп. Бұл ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің Ауғанстанмен іргелес отырған Тәжікстанмен екі жақты және көп жақты байланыс жасап, әскери-шекаралық әлеуетін күшейтуді міндеттейді.  

Қатысушылар саммит барысында ортақ жұмысты күшейтуге бағытталған 15 құжатқа қол қойды. Ал ұйым тізгінін Армения алды. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Мемлекет басшылары деңгейіндегі сессиясы келесі жылы Ереванда өтеді деп жоспарланды. 

Авторлары: Елдар Бақпаев, Нұрбек Әмиша, Қанат Әбілдин 

3. Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті

Он екінші кездесу. Жыл сайын өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық  форумының қай-қайсы да маңызды. Биылғы жиын да ерекше болды. Өңірлер өміріне оң өзгеріс әкелетін 10-ға жуық  жоба бойынша кәсіпкерлер келісімге келді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше, қала берді іргелес жатқан әрі етене әріптес саналатын екі ел ауыл шаруашылығы саласында да бірге болуы тиіс. Бүгінгі күні Ресей 1,5 миллион тонна етті сырттан алады. Оның 600 мың тоннасын сиыр етін Бразилия, Уругвай, Аргентина секілді елдерден тасымалдайды.

Елбасы «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген қағиданы қаперге салды. Әрине, көрші елдің етке деген сұранысын толық өтеуге Қазақстанның қауқары жете қоймас. Бірақ шындап келгенде мәселен, бір ғана Батыс Қазақстаннан Саратов, Орынбор облыстарына 3 мың тонна мұздатылған ет жеткізіп беруге шамамыз келеді.

Екінші мәселе, өнімдердің құрамына қатысты нақтылық керек. Елбасы мысал ретінде қалпына келтірілгенмен табиғи сүттің аражігін ажырату қиын екенін айтты. Атын атап, түсін түстеп жазбағасын, бәсекелестік бәйгесі әділ өтпей жүр.

Тағы бір маңызды жайт – инновация. Басқасы басқа тың технология  аграрлық салаға айырықша керек. Қазір жаңашылдықты жатсынатын заман емес. Өндірісін өркендетіп, өнімнің сапасын жақсартып, ақыраяғында табысқа кенелу – кез келген шаруаның діттегені. Ендеше, жетістікке жетудің бірден-бір жолы осы инновация.

Сочиде өткен жиында Елбасы көп мәселені талдап айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бұл ай басталғалы осымен үшінші рет жүздесіп отыр. Бұған дейін Қытайда, содан кейін Душанбеде, енді міне, Сочиде бас қосты. Мемлекет басшылары алдымен оңаша дидарласып, екі елдің қарым-қатынасын талқылады. Әсіресе Еуразиялық экономикалық Одақ аясында өңірлердің байланысын арттыруға қатысты мәселелерге ерекше тоқталды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Некоторые говорят, что Евразийский союз просел. Он не просел, а ситуация такая. Экономика имеет такую тенденцию. Мы не первый раз это переживаем. Есть подъемы и падения. Надо спокойно к этому относиться, находить новые точки, чтобы находить вопросы по увеличению торговли. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

-Біз жиі жиналып тұрамыз. Кеше ғана Душанбеде болдық. Қауіпсіздік мәселесін талқыладық. Ресей мен Қазақстан өңірлері басшыларының жиыны да аса маңызды. Бұл биыл осымен 12 форум. 

Сочидегі бұл форумда «агроөнеркәсіптік интеграция» тақырыбы көтерілді. Бұдан бұрын Мәскеу Еуропадан ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды шектеді. Енді Қазақстаннан молынан тауар енгізбек. Отандық  шаруалар көрші нарығының игілігін көруге мүдделі. Себебі бүгінгі күні Ресеймен сауда жасаған тиімді болып тұр.  

Сыдық Дәулетов, «Дәулет бекет» ЖШС  төрағасы

-Біздің шаруашылық 2001 жылы ашылған. Дүниежүзіндегі ең үлкен түйе шаруашылығы. Шаруашылығымызда  5 мың бас түйе ұстаймыз. Жылына 1,5 мың тонна түйе сүтін сауып, оны өңдеп, Ресей нарығына соның 100 тоннасын шығарамыз. 

Ресей – еліміздің ең ірі сауда серігі. Көршіміздің 85 субъектісі болса, соның 76-сы Қазақстанның барлық 14 облысымен қатынас орнатқан. Бірлескен 5600 кәсіпорын жұмыс істейді. Форумда жаңа келісімдерге қол жеткізілді. Ресей Қостанай облысында жаңа жылыжай салып бермек.

Арман Әлиев, «Тобыл» ӘКК басқармасының төрағасы

-25 мың гектар жерді алатын комбинат озық технологиямен жабдықталады. Жылыжайда 20 мың тонна көкөніс өсіріледі. 700-ден аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Ресейдің Қазақстанмен алыс-берісінің 70 пайызы аймақтар арасындағы өзара саудаға тиесілі. Бұл жолы қазақ жағы 60, ал Ресей 80 кәсіпорнын атап әкеліп, көрмені бірігіп тікті. Пікір алысты, келісім жасасты.  

Наталья Боева, Россия фирмасының директоры

-Ақылдасу алаңында жиі кездесіп тұруымыз керек. Бір-бірімізден үйренеріміз көп. Бүгін Қазақстанмен әріптестік құжатын бекітеміз. Ірімшікті алыстан тасымай, енді жақын жерден аласыздар.

Агроөнеркәсіптік кешен саласын қайтсек жақсартамыз? Бұл мәселе Президенттер деңгейінде талқыланды. Мұнай бағасының құлдырауы, теңге мен рубльдің арзандауы екі елдің экономикасын титықтатып тастағаны жасырын емес. Шаруашылық әлеуетті біріктіру қатар жақтан қос мемлекетті осы қиын кезеңнен алып шықпақ

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Продовольствие, которые мы сегодня говорим, это из самых стабильных валют получается сегодня. Когда нефть, все цены упали. А продовольствие всегда есть. Обе наши страны аграрно-промышленные и у нас есть большие возможности. Реальная ценность настоящего, человеческого будущего это аграрный комплекс. По данным ООН количество людей на земле к 2050 году превысит девять млрд. человек. Один из стоящих вопросов на повестке дня мира – глобального развития, как прокормить эти миллиарды? Казахстан и Россия в этом смысле обладают бесценным богатством. Огромными сельскохозяйственными угодьями, фундаментальными аграрными науками и большим опытом. 

Екі елдің ауыл шаруашылығына жарамды алқабы – 435 млн гектар. Бұл әлемдік қордың 10 пайызын құрайды. Демек Қазақстан мен Ресейдің азық-түлік нарығында ірі ойыншыға айналуға шамасы жетеді. Бірақ бүгінде аграрлық сектордың артықшылықтарын толық пайдаланбай отырмыз. Сондықтан Елбасы кәсіпкерлердің күрделі кооперациясын көргісі келеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Каждый сам по себе работает. Хотя наши государства состоят в Евразийском экономическом союзе. Россия и Казахстан это союзники. У нас общие позиции по безопасности. А кооперации нету. Россия импортирует 1,5 миллиона тонн всех видов мяса, из них 600 тысяч тонн только говядины из третьих стран. Казахстан сейчас ведет работу по освоению этого рынка, так как у нас есть огромный потенциал в сфере животноводства. Сейчас в нашей республике производится около 4 тысяч тонн говядины в год, и мы готовы наращивать эти показатели. На юге нашей страны имеются значительные ресурсы для увеличения поставок плодоовощной продукции на рынок России, и мы можем заместить импорт из Турции, Польши, Китая.  

Жұртты түбінде жер асырайды. Экономиканы дамытады. Сондықтан жерді аялап, тиімді қолдануымыз керек. Ал одан кіріс көру үшін жаңа технология керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Аграрный сектор нуждается в модернизации, внедрении передовых технологий. Приведу пример Израиля, который практический, не имея плодородных земель, поставляет, на мировые рынки плодоовощную продукцию. Поэтому министерствам сельского хозяйства наших стран следует проанализировать возможность создания совместных центров агроинноваций, которые бы занимались бы коммерциализацией, внедрением новых технических решений. 

Азық-түлік қауіпсіздігі алаңдатады. Бұл саладағы заң ақсаса, ұлт саулығына қауіп төнеді. Сондықтан өнім өндірушілер тауарлардың құрамын нақты жазып, сапасын қадағалауы керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы с нашим другом Александром Григорьевичем спорим, он отправляет сюда порошок, порошок разбавляется, продается. Это совсем не цельное молоко. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

-Это молочный напиток, он на Западе именно таким и считается, а продается по тем же ценам, по которым производят наше молоко. Должна быть справедливая конкуренция между производителями натурального и восстановленного молока. 

Форум аясында өңірлер арасында бірқатар құжат бекіді. Соның ішінде Павлодар облысының әкімдігі маңызды келісімге қол жеткізді. Аталмыш өңір енді Мәскеуге ай сайын 2 мың тонна ет тасымалдамақ. 

Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі

-Біз үшін Мәскеу үлкен нарық. Көлемі Қазақстаннан әлдеқайда үлкен. Бізге бастысы сыртқы сауданы реттеу қажет. Сонда ғана шаруаларымыздың ісі өрге басады. 

Сочиде қол жеткен тағы бір келісім «БИПЭК АВТО» Ресейдің «АВТОВАЗ» компаниясымен шартқа отырды. Біз арқылы Орталық Азия нарығына шығып, автокөліктерін экспорттамақ. Бұған қоса Өскеменде «Лада Гранта» мен «Лада Калинаны» құрастыру өндірісі жолға қойылмақ.

Зайнұр Байжігіт, тілші

-Екі ел өңірлерінің әлеуетін біріктіруге Ресей де, Қазақстан да бірдей мүдделі. 2003 жылдан бері аймақаралық форум бір үзілген жоқ. Кезек-кезек, бір жылы Қазақстанда, енді бір жылы Ресейде ұйымдастырылып келеді. Сондықтан келесі форум 2016 жылы Астанада өтеді.

Авторлары: Зайнұр Байжігіт, Жұмағали Біргебаев, Дулат Ентебеков 

4. Елбасына доктор атағы берілді

Урал Федералдық университетінің Құрметті докторы. Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевқа Сочиде осындай атақ берілді. Екі ел қарым-қатынасын дамытуға Қазақстан Президентінің қосқан үлесі зор. Осылай деген Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашев Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.  

Елбасының айрықша еңбегін Урал Федеральдық университетінің ректоры  Виктор Кокшаров та жоғары бағалады. Құрметті доктор дипломын тапсырды. Докторлық мантияны жапты. Свердлов облысы мен Урал Федеральдық университетінің қос мемлекет арасындағы байланысты нығайтуда атқарар ролі үлкен. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Ваш университет вносит весомый вклад в формирование и развитие кадрового потенциала индустриальных зон не только России, но и нашей страны. Как мне известно, что сегодня около 700 студентов из Казахстана получают образование в Уральском Федеральном университете им.Б.Ельцина. Важно, что университет имеет соглашения о сотрудничестве с ведущими казахстанскими вузами. 

5. Н.Назарбаев: Еңбек өнімділігін көбейту керек

Егер шыққан шығын ақталмайтын болса, ондай өндірістің қажеті жоқ. Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары әкімдерімен кездесуде осылай деді.

Атырауда өткен жиында Елбасы жергілікті билікке біраз тапсырма берді. Сын сағатта іскерлік пен тиянақтылықты талап етті. 

Кездесуге Қазақстанда тігілген костюмді киіп келген Президент халықты отандық өнімді қолдауға үндеді. Ал қиын кезде қиғылық салып, арандатпақ болғандарға ескерту жасады. 

Атыраудағы сапарын Президент талшықты-оптикалық кабель зауытын аралаудан бастады. Заманауи кәсіпорын тамыз айында іске қосылған. Қазір мұнда 60 жұмысшы еңбек етеді. Олар маңайындағы ірі компанияларды байланыс жүйесіне қажетті өніммен қамтамасыз етіп отыр. Мұндағы еңбек өнімділігі Елбасының көңілінен шықты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сегодня мы посетили новое предприятие кабельной продукции. На одного человека производит продукцию на 80 тысяч долларов. Вот это да. В Астане мы посторили завод по производству тепловозов, они у нас 100 тысяч долларов на одного человека. Крупно габаритные оборудование 57 тысяч долларов на человека. Вот, что нам надо. Почему индустриализация и нужна.

Мекеме басшыларының айтуынша, өңірде дәл осындай өндіріс орнының ашылатынына күмәнданғандар болған. Ал қазір мұнда қайнаған жұмыс. Қызметкерлердің дені – жастар. Олар зауыттың болашағына үлкен сеніммен қарап отыр. 

Жансая Төрешова, бақылаушы

-Шанхай қаласында білім алып келдім. Қазақстандағы кабель зауыты экономикамыз жағынан көмегін көрсетеді деген ойдамын. Шанхай қаласында қалуға да мүмкіндігім болды. Бірақ Қазақстанға еңбек етуге келдім. 

Елдар Әжібай, оператор

-Осы зауыттың ашылып отырғанын естіп, осында орналасуға келгенмін. Содан мінекей, 2 ай уақыт кетті. Жұмысымыз тұрақты, жалақымыз уақытылы. 

Бақытжан Ергелді, оператор 

-Қазақстандағы телекоммуникацияны, ғаламтордың жылдамдығын, ақпараттық бағдарламалар жылдамдығын арттырып, тек қана Қазақстан ғана емес, шетелдерге де өзінің кабельімізді шығарып, шетелдерге экспорт шығаруға болады.

Машина жасау саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан «Атыраунефтемаш» зауытында жаңа цех ашылды. Оны да Елбасы өзі көріп шықты. Бұл жерден алдағы уақытта салмағы 210 тонна, ұзындығы 6 метрлік сауыт дайындалады. Оларды мұнай өндіру зауыттары пайдаланады.

Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдаралама бойынша іске қосылған өндіріс орны жылына мың тонна металл шығаруға әлеуеті бар. 

Аманқос Жексенов, құрастыру, дәнекерлеу цехының шебері 

-Біздің ұжымның қазіргі уақытта мүмкіндігі өте жоғары. Және де алға қарай сеніммен мықты айта аламын, болашағымыз мол. Алдымыз ашық, нық қадаммен ілгерілеп жылжып келеміз. Ауыр жүк салмақтар жасайтн цех ашылып жатыр. Жұмыс орны көбейіп жатыр. 

Ержан Әшіров, цех шебері 

-Мен осы салада 10 жылдан аса жұмыс жасаймын. 10 жыл бұрын мұндай зауыт ашылады деп ойламаған едім. Қазір, міне, көзіміз жетіп жатыр. Мұнда барлық жағдайымыз жасалған. Айлығымыз уақытында, тапсырыстар қазір өте көп болып жатыр. Алдағы уақытта оның барлығын игереміз деп ойлаймын. 

Ерболат Зейнуллаұлы, слесарь-монтажшы  

-Бұрын ескі цехта жұмыс істейтін едік. Қазір жаңа цехқа көшіп келіп жатырмыз. Бұрындары өнімдердің барлығын шетелден алып келетінбіз. Қазір оларды өзіміз шығаратын болып отырмыз. Өзім де ризамыз. 

Бірқатар өндіріс орындарын аралағаннан соң Мемлекет басшысы батыстағы 4 облыс әкімі мен жауапты басшылардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді. Экономикамыздың қуатты күші саналатын өнеркәсіптердің дені осы аймақтарда орналасқан. Демек, қиын-қыстау кезеңде олар әлеуметімізді көтеруге қауқарлы. Президенттің бұл сөзін облыс әкімдерінің есебі тағы бір дәлелдеді. 

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі 

-Жалпы облыстың экономикалық-әлеуметтік жағдайы тұрақты. Жыл басынан өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 102 пайызға жетті. Өңірге 800 млрд  жуық инвестиция түсті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 13 пайызға жоғары. 

Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі 

-Энергия ресурстарына әлемдік бағаға қалыптасқан жағдай өңірдің кейбір макрокөрсеткішіне әсер етуде. Тұтастай алғанда облыстық барлық мұнай-газ өндіруші кәсіпорындары мұнай өндірудің 100 пайызы газ өндірудің 115 пайызы оңды қарқында қамтамасыз етілді. 

Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі 

-Иә, ондай жағдай болды. Соның салдарынан кәсіпкерлер біраз зардап шекті. Тоқтап та қалған кездері болды. Өнімдері өтпей қалды. Қазір жағдай тұрақталды. Ол кезде алып келді. Бірақ ол кезде складқа жұмыс жасадық. Ал қазір сол складтағы өнімді өткізіп отырмыз. Қазіргі теңге мен рубльдің курсы экспорт жасауға мүмкіндік берді.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі 

-Өндірістің өнімі былтырғымен салыстырғанда 1,8 пайызға төмен болып тұр. Бірақ оны талдау жасадық. Оның толтырылатын көздері бар. Біріншіден, Ақтөбе мұнай-газ, Жаңажол газ өңдеу зауытының үшінші кезеңін іске қосады. Одан кейін келесі рельс шығаратын зауыттаркейінгі,  біз биылғы инновациялық бағдарлама бойынша индустриалды картаға 9 жобаны енгізген болатынбыз. Соны ең кем дегенде 4 млрд астам өнім пайда болады. 

Дегенмен Елбасы әлі де өңірде жасалатын тірліктің шаш-етектен екенін айтты. Облыс басшыларына алдымен бәсекеге қабілетті өнім шығаратын кәсіпорындар санын көбейтіп, қуаттылығы төмен өндіріс орындарын жоюды тапсырды. Халықты жұмыспен қамту – бүгінде ең басты мақсат. Президент әлемдегі дау-дамайдың басы да жұмыссыздықтан  туындап отырғанын қаперге салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Осы өңірде 4 өңірде 177 жоба іске қосылды. Бірақ оның 50 проценті әлі күнге дейін толығымен жұмыс істемейді, не өзінің қуатына шыққан жоқ. Міне, істейтін жұмыстарың сол жерде болу керек. Алынбай отырған өндіріс сол жерде.

Мұнайлы өлкенің маңызы тек қара алтынында ғана емес. Бұл елді мекендер арқылы ірі көлік дәліздері өтеді. 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі 

-Бұл аймақтар бойынша 3 басты транзиттік көлік дәлізі өтеді. Олар Қытай-Еуропа, Иран мен Таяу Шығыс елдерімен байланыстырады. Сондай-ақ 2020 жылға дейін осы жоба бойынша 30 мың адам жұмыспен қамтылады. Жоспарда 1400 шақырым көлік жолдарын жөндейміз. 

Жанармай бағасының көтерілуіне де тоқталды Президент. Оның айтуынша, қазіргі Ресейден алып отырған 30 пайыз көлем болашақта азаяды. Ол үшін 3 мұнай өндіру зауыты іске қосылса болғаны. Ал әзірге ірі компаниялар қолдарынан келгенін жасауда. 

Сауат Мыңбаев, «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы 

-Қазір біздің мұнай компанияларымыз қосымша 7 млн тоннаны ішкі нарыққа жеткізіп отыр. Бұрын олар көрші Ресейден келетін еді. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Алайда олардың жеткізіп отырған жанармай мен дизель отындарына шектік баға қойылды. Әрине, мұндай кезде олардың қаржы жүйесіне нұқсан келеді. Сондықтан бұл амалсыздан орын алған жағдай болды. 

«Дәл осылай әлемдік нарықтағы өзгерістерге тәуелді болмау үшін біз өзіміздің индустриалды-инновациямызды қарқынды дамытуымыз керек. Бұл екінші экономикамыз болады», – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Әр уақытта шикізатқа сүйеніп отыра беруге болмайды. Оның бағасының төмендейтінін бұрын да білдік. 10 доллар болған бір баррелі. Көрдік қой бәрін. Сондықтан мынау индустриализация деген екінші альтернативтік экономика жасау. Индустриалдық-инновациялық бағдарламаларға ең көп көңіл аудару қажет. Әкімшілік те барлық өндірістер де. Өндірістерің әрі қарай жұмыс істесін десеңдер, қазірден бастап конкуренция керек.

Әзірге бізде барлау, шикізатты толық өңдеу жұмыстары ақсап тұр. Егер осы салаларға ден қоймасақ, алдағы уақытта жағдайымыз қиын болады. «ТеңізШевройл», Қашаған компанияларының алып отырған қара алтыны 15 жылда сарқылады. Сондықтан қазірден бастап қам жасау қажет. Сондай-ақ  Елбасы жиында жол мәселесіне де ерекше тоқталды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Жол болмаса ештеме болмайды. Жолдың бойында жұмыс. Әр станцияның бойында адамдар жұмыс істейді. Егер де преприниматель болса сол жолдың бойында неше түрлі бизнес ашуға болады. Автокөлікті де ремонттайды елдер, жолда демалу керек. Тамақ ішуі де керек. 

Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсібін жарнамалау мақсатында бастан-аяққа дейін Қазақстанда жасалған киім киіп келгенін айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-У нас самая отсталая это легкая промышленность. Жабылып қалды барлығы. Она начинает подниматься. Вот ваш покорный слуга сидит в костюме казахстанского производства. Могу показать - казахстанская легкая промышленность. И туфли у меня казахстанские. Видите я полная реклама для легкой промышленности. И еще и Асет наверное. У тебя тоже казахстанское. 

Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді. Дағдарыс әлемнің дегбірін қашырған тұста елге ауызбірлік керек. Президент осыны баса айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біз қазақ бір болған кезде әр уақытта жеңіп отырғанбыз. Біздің арамызға ірткі салып, бізді ішімізден бүлдірген кезде атаққа таласып, таққа таласып шыққан кезде біз жеңіліп, бодан болып отырғанбыз әр уақытта. Сондықтан құдай бұйырса біз бұдан да шығамыз. Елдің бірлігі осы. Елдің ауызбірлігі осы. Халықтың іші тыныштық болса, бізде барлығы бар. Халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге барымызды саламыз. Тиісті жалақыны беруге. Барлық жағдайды қарастырып отырмыз. Ал енді осындай қиын кезеңді пайдаланып, араңдатушылар пайда болатын болса ішімізден, өтірік айтып, бірге жала жабатын адамдар пайда болатын болса, оларға заңды түрде әкесін танытып тұрып жаза береміз. 

Жиыннан соң Президент Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерімен жеке-жеке кездесті. 

Бақтықожа Ізмұхамбетовке Елбасы өңірдегі жұмыс орындарын сақтап, жаңа өнеркәсіптерді ашуды тапсырды. Маңғыстау облысының әкіміне экономиканы әртараптандыруға бағытталған жұмыстар жасау қажеттігін түсіндірді. 

Ақтөбе өңірінің басшысы Бердібек Сапарбаевқа алда мұнай-химия саласына көңіл бөлу керектігін айтты.

Ал Батыс Қазақстан облысының тізгінін ұстап отырған Нұрлан Ноғаевқа қайта өңдеу өнеркәсіптерін жандандыруға ерекше назарға алуды тапсырды.

Эльвира Тағайқызы, тілші 

-Жергілікті билікке жүктелген тапсырма көп. Ол үшін сын сағатта сыр бермейтін асқан іскерлік пен тиянақтылық қажет. Бәрі де елдің экономикалық тұрақтылығын шайқалтпау үшін, әлеуметтің әлеуетін көтеру үшін керек.

Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Еділ Ермекбаев, Асхат Әзіртеханов

6. Елбасы Шимон Переспен және Ақылмандар кеңесінің мүшелерімен кездесті

Ақордада Мемлекет басшысы Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Переспен кездесті.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ екіжақты экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейту жайында әңгімелесті. 

Нұрсұлтан Назарбаев қос ел арасындағы достық пен сенімге негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Шимон Переске алғысын білдірді.

Бұдан бөлек Елбасы Ақылмандар кеңесінің мүшелерімен де жолықты. Шетелдердің көрнекті мемлекет қайраткерлері мен Нобель сыйлығының лауреаттары Ақордаға табан тіреді. 

Шимон Перес бастаған ақсақалдардың қатарында Польшаның бұрынғы Президенті Лех Валенса, Колумбияның бұрынғы басшысы Сесар Гави Риа Трух ильа, МАГАТЭ-нің экс бас директоры Мұхаммед әл-Барадеи және Испанияның экс-премьері Хосе Луис Сапатеро бар.

Кездесуге қатысушылар әлемдік саясаттағы, экономика мен қауіпсіздік саласындағы ахуалды талқылады. Елбасы тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайды саралап, меймандарға ел жетістіктерін айтып берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы сначала боролись за выживание, задача была первая - остаться государством. Потому что все говорили, что Казахстан страна многонациональная, бедная страна. Мы не хотели такой перспективы, и занимались. Представляете себе, что социалистическую экономику на рыночные рельсы. И самую быструю приватизацию мы провели за 3 года: 1993, 1994, 1995. Привлекли самые большие инвестиции самые в Средней Азии. Сейчас Казахстан входит в 50 конкурентноспособных стран. В 20 стран, больше всех привлекших инвестиции. 

Жиынға қатысушылар Сирия мен Украина мәселесін реттеудегі Қазақстанның рөліне назар аударды. Кеңес мүшелері еліміздің ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамаларын да атап өтті. 

Шимон Перес, Израильдің бұрынғы Президенті 

-Кездесу кезінде мен Нұрсұлтан Назарбаевқа бірегей көшбасшы екенін айттым. Ол ұлы ойшыл тұлға. Президент қырғиқабақ соғысқа қайтып оралмай, әлемнің гүлденуін қалайды. Әлем мемлекеттерінің өзара бейбіт дамуының жақтасы. Сондықтан оған ел зор сеніммен қарайды. Менің ойымша, Қазақстанның болашағы жарқын. 

Лех Валенса, Польшаның бұрынғы Президенті 

-Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында Қазақстан және дамушы елдердің келешегі жайлы сыр шерттік. Халықаралық күнтәртібінде тұрған мәселелер Украина мен Сирия жөнінде пікір бөлістік. Бұл орайда Қазақстан Президенті мен біздің пайымымыз ұқсас.

7. Құрылысшылар доллардан бас тартты

Осы аптада доллар дүрбелеңі жалғасты. Теңге еркін айналымға жіберілгелі бері АҚШ ақшасы күн сайын құбылатын болды. 

Мәселен, Қазақстан қор биржасының дүйсенбі күнгі саудасында көк қағаздың құны 278 теңге төңірегінде тұрақтаса, араға тәулік салып бір доллар 282 теңгеге дейін қымбаттады. 

Сәрсенбілік саудада Америка валютасының бағасына тағы 2 теңге қосылды. Аптаның екінші жартысында жағдай күрт өзгеріп, бейсенбіде биржадағы саудаларда доллардың бір данасына 270 теңге ұсынылды. Ал жұмадағы бағам – 279 теңге 48 тиын. 

Мың құбылған қаржы нарығындағы мұндай жағдайда елдегі екінші деңгейлі банктер АҚШ валютасының бағамын күрт өсіріп, ақша айырбастау бекеттерінде бір доллардың құны  300 теңгеге дейін шарықтап шыға келді. 

Апта ішінде көптеген айырбас бекеттері жұмысын тоқтатты. Ал  кейбіреулері долларлық операцияларды мүлде доғарып жатты. Жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдап, оның көлемі 400 миллионнан астам долларды құрады. Осы арқылы нарықта доллардың ұсынысы сұраныстан көбейіп, нәтижесінде валюта бағамы біршама байыз тапты. 

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Реттеуші біздің жағдайда бұл Ұлттық банк нарыққа қомақты қаржыны шығарып, жағдайды біршама тұрақтандырды. Бұл әлемде бар тәжірибие. Көрші Ресей де осындай әдіске жүгінген.  

Хош! Теңге құнының жедел құлдырауына Ұлттық банк жол бермеді. Ендігі мәселе, төл ақшамыздың жақын болашақтағы долларға қатысты бағамы қандай болады деген сауалға келіп тіреледі. 

Сапарбай Жұбаев, экономист 

-Менің пікірімше, 250-260, 240-пен 260-тың арасында тұру керек. 82 млрд долларлық экспортымыз 42 млрдтық импортымызға, инвестициялар үшін дивиденттер төлеуге 20 млрд, транспорттық шығындарға 10-15 млрд жетеді.  

Дамыл көрмеген доллар бағамына тәуелділіктен арылуды алдымен отандық құрылысшылар алдағы мақсаты етіп айқындады. Осы аптада саладағы 14 алпауыт компанияның басын қосқан Қазақстан Құрылысшылары қауымдастығы доллармен есептесуден бас тартатынын, баспана бағасын тек теңгемен бекітетінін хабарлады. Өйткені 1993 жылдан бері АҚШ валютасымен есептеліп келген шаршы метрлер бағасы соңғы кездердегі өзгерістерге орай шарықтап шыға келген. 

Қауымдастық басшылығы келтірген мәліметтерге сенсек, АҚШ валютасына байланған жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалар шамамен 4 пайызға қымбаттаған. 

8. Бағаның негізсіз шарықтауына жол берілмейді

Валюталық нарықтағы дүрбелең жанармай саудасын реттеуге ерік берер емес. Былтыр қара алтын бағасының және Ресей рублінің құнсыздануынан бензин құны Қазақстан үшін оңтайлы болды. Сол уақытта жанар-жағармайдың әлеуметтік түрлері ішкі нарықта үш рет арзандатылды. Бірақ мұның соңы отандық экономика үшін жақсылыққа апармайтынын сарапшылар да, атқарушы билік те айтқан. Сондықтан өндірісті қолдау үшін Үкімет Ресейден әкелінетін жанармайға шектеу енгізіп, бағаны біркелкі ұстап отырды. Осы тұста біздегі бензин саудасы неліктен Ресейге телінген деген ой еріксіз мазалайды. Оған басты себеп – Қазақстан  ішкі сұранысқа қажетті жанармайдың 30 пайызын сырттан алады. Сондықтан теңге бағамын еркін айналымға жібергеннен кейін АИ-92 маркалы бензинннің құны біздегіге қарағанда көрші елде бірден көтерілді. Сәйкесінше Қазақстан Үкіметі де жанар-жағармайдың бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. 

Бүгін, міне, 2 апта өтті. Бензин саудасы нарықтың өз талабымен еркін жүргізілуде. Баға қалай құбылды? 

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші 

-Жанармай саудасы еркіндікке жіберілді. Бірақ бақылаусыз емес. Екі апта бұрын АИ-92 мен 93 бензинінің бір литрі 102 -108 теңге аралығында сатылған. Оның құны бір күнде шарықтап, қазір 124 теңгеге жетті.

БЛИЦ: 

-Бензин қымбаттағаннан кейін қазір көлік айдаушылардың бәрі газ қондырып жатыр. 

-Болмаса автобуспен жүреміз. Мұнай түсіп жатыр. Ал бензин қамбаттап жатыр. Білмеймін қалай екенін? 

Халық арасында мұндай сауалдардың туындауы заңдылық. Ал билік өкілдерінің уәжін тыңдасақ, АИ 92/93 маркалы бензинінің бағасын реттеуден бас тарту – нарық талабы. 

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші 

-Қазақстандағы жанар-жағармай нарығы көрші Ресейдегі сауда бағамына тәуелді. Себебі отандық мұнай өнімдері ішкі сұранысты толық өтей алмайды. Еліміздегі қара алтын өңдейтін үш зауыт 2,1 млн тонна АИ-92-93 бензинін өндіреді. Ал оған сұраныс 3,2 млн тонна. Арадағы жетіспейтін 1 миллион тоннадан астам жанар майдың басым бөлігі Ресейден сатып алынады.     

Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары

-Теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін бізде күрделі мәселелер туындады. Тамыздың 20-сына дейін теңгенің рубльге шаққандағы бағасы 2,95 теңге. Ал Ресейден алынатын жанармай бағасы 97 теңгеден болатын. Біз оны ел ішінде 108 теңгеден саттық. Теңге еркін айналымға жіберілгеннен кейін оның рубльге шаққандағы бағасы күрт өзгерді. Енді Ресейден әкелінетін бензиннің бір литрі бөлшек саудада 120 теңге болды. Әрине, ешкім де шығынмен сауда жасауға тәуекел етпейді. Сол себепті бағаны бұрынғыша ұстап тұру қыркүйек айының соңында бензин тапшылығын тудыратын еді.  

Қазақстан мұнай өнімдерінің үштен бір бөлігін Ресейден алады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың артуына байланысты жанар-жағармай тапшылығы бұған дейін бірнеше рет болды. Мәселен, былтыр дәл осындай күзгі жиын-терін уақытында байқалған. Биыл көктемде әлемдік нарықтағы құлдыраудың әсерінен шекті бағалары енгізіліп, соңғы рет мемлекеттік реттеу жүргізілген. Ал қазіргі ахуалдың туындауына Ресей ақшасының теңгеге шаққандағы бағамы едәуір күшейгендігі басты себеп. Бір айда 16- 25 пайызға дейін нығайып үлгерген.  

Владимир Тельнов, сарапшы 

-Ресей мен біздің елдегі бензин бағаларының айырмашылығын ескерсек, ішкі нарықтағы жанармайдың көп бөлігі Ресейге сатылып кеткен болар еді. Бір айға қажетті қорды көрші елге саудалап пайда табуды көздейтіндер табылатыны рас. Бірақ бұл қазіргідей егін орағы науқанында бензин тапшылығын тудырып, жағдайды ушықтырып жіберуі де мүмкін еді.

Бауыржан Исабеков, экономист

-Ортадағы делдалдардың санын азайту керек. Көтерме бағамен және бөлшек саудамен айналысатындардың санын 1-2-еуге ғана жеткізу керек. Мұнай өндіретін 5 монополия компанияменен, көтерме сауда және бөлшек саудамен айналысатын делдалдардың іс-қимылдары міндетті түрде Үкіметтің өкіміменен басқарып отыруымыз керек. 

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Делдалдардың көптігі бағаның өсуіне өз септігін тигізіп отыр. Сол себептен біздің Үкіметтің алдына берген ұсыныстарымыздың біреуі кен орнынан бастап мұнай өңдеу зауытына дейін тек қана бір делдал болуы керек. 

Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының қауқары ішкі нарықты қара алтын өнімдерімен толық қамтуға жете қойған жоқ. Сондықтан жағдай өндіріс орындарын жаңғыртудан кейін ғана оңалады. Қазір Павлодардағы мұнай-химия зауыты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша тоқтап тұр.    

Владимир Школьник ҚР Энергетика министрі  

-Павлодардағы мұнай өңдеу зауытын 15 қыркүйекте тоқтатпау мүмкін емес еді. Модернизациялау жұмыстары осыны талап етті. Бұл шараны қысқы мезгілге де қалдыруға болмайды. Технологиялық қайта қосудың қиындығы ескерілді. Сондықтан мәжбүрліктен жасалған шара. 

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу ертең басталады. Бірақ  өндіріс тоқтап қалмайды.  

Қайрат Оразбаев, Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры

-Ароматты көмірсутек кешенінің құрылысы аяқталып, жоғары октанды бензинді шығарып отырмыз. Бензолды шығардық. 2-3 күнде жаңа өнім параксилол шығады. Ең үлкен алдымызда тұрған мақсат – мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысын келесі жылы бітіру. Ол құрылыс біткеннен кейін біздер өзіміздің өнімдерімізді Еуро-5 стандартына сәйкес келтіреміз. 

Келер жылдан бастап 1 миллион 750 мың тонна бензин шығару жоспарда. Сонда жыл сайын 17 млн тонна мұнай өңдеуден өтеді. «Бұл көрсеткіш импорт көлемін азайтып, бензин бағасының күрт шарықтап кетуіне жол бермейді», – дейді мамандар. 

Әділет Шошаңбаев, Атырау мұнай өңдеу зауыты жобалар департаментінің директоры

-Егер бүгінгі таңда 64 пайыз 1 тонна мұнайдан 64 пайыз мұнай өнімдерін алатын болсақ, жаңа жобалардың құрылысы аяқталғаннан кейін мұнайдан 84 пайыз мұнай өнімдерін алатын боламыз. Олар бензиндер мен дизельді отындар.  

Төлеген Хасанов, энергетика саласының ардагері  

-Еуропа стандарты бойынша шығарылатын мұнай өнімдері бензин бізде екі есе көбейді. Егер Павлодардағы реконструкция аяқталса онда екі есе көбейеді. Сонда біз мемлекетімізді барлық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеміз. 

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Егер үш зауытымыз модернизациядан өтіп, 4-ші зауытымыз салынса, біз бензин тапшылығын ұмытуымыз мүмкін.   

АИ-80 бензині мен дизельдік отын бағасы өзгермейді. Отынның бұл түрлері ішкі нарықта артығымен бар. Шаруашылықтарға жеңілдетілген бағамен науқанға қажетті көлемі жеткізіліп қойған. Ал АИ-92 маркалы бензиннің кезекті легі Ресейден тасымалданып жатыр.   

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары  

-Бүгінгі таңға 80 мың тн шартқа қол қойылған. Қыркүйек айының ішінде бұның көлемі 110 мыңға жетеді деп есептеп отырмыз. Бізге керекті бензин толық алынады. 

Бағаның бұдан әрі қалай құбыларын ешкім дөп басып айта алмайды. Сарапшылар егін орағынан кейін қараша, желтоқсанға қарай қымбаттауы мүмкін десе, билік басындағылар бәрін де нарықтың өзі реттейді деп отыр. Бір анығы, осы айда жанармай құны тұрақталады. Бағаның негізсіз шарықтауына жол берілмейді. Еркін сауданың алғашқы күндерінде кейбір аймақтарда бензиннің бір литрі 135 теңгеге сатылған. Ұрымтал тұсты пайдасына асырғысы келгендердің бірқатарын қазір бақылаушы органдар тексеріп жатыр. 

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Қанат Әбілдин, Айдын Өнербаев, аймақ тілшілері

9. Келер жылы әлеуметтік салаға шамамен 350 млрд теңге қосымша қаржы құйылады

Ендігі жылы мұнай бағасы барреліне 40 доллар. Ал доллар бағамы – 250 теңге. «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеттің» жобасы осындай болжамға сай әзірленді.

Естеріңізде болса, 2013-2015 жылдардың бюджетінде қара алтын құны 95 доллар деп бекітілген еді. Бірақ бұл жолы санкциялар шеңгелінен босамақ. Иранның нарыққа оралуы мұнай бағасын екі есе түгілі, төрт есеге құлдилатып жіберуі әбден мүмкін. «Алда-жалда мұнай тым арзандап кетсе, Ұлттық қор резервтерімен күн көреміз», – деп сендірді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.  

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі  

-Қиыншылықтар болып бара жатса, бюджет дефицитін бүгінгі 3 проценттен 1,6 пайызға дейін келесі жылы 2018 жылы 1 процентке дейін төмендетіп отырмыз. Біз үшін бұл бір резерв болып отыр. Өйткені осындай қиыншылық тағы да болса 20-ға дейін түссе ол сценарийлер де бар. Бір резерві жаңағы тапшылықты көтере аламыз. 

Еліміз мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік салаларды қаржыландыруды барынша сақтап қалуға тырысқан. Мәселен, 2016 жылдың ақшасы өткен үшжылдық бюджетпен салыстырғанда 850 млрд теңгеге қысқарғанымен, бүкіл шығынның 59 пайызы халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталады. 

Ендігі жылы әлеуметтік салаға шамамен 350 млрд теңге қосымша қаржы құйылатын болады. 1 қаңтардан азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын есептеудің жаңа моделін енгізуге 305 млрд теңге жұмсалса, мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы 25 пайызға өсірілмек. Күштік құрылым қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалауға 12,7 млрд теңге қарастырылған. Студенттердің шәкіртақысы да  25% пайызға ұлғаяды. 

Ал 2018 жылы базалық зейнетақыны және мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысын көтеруге 166,4 млрд теңге бөлінбек. «ЭКСПО» көрмесіне де қомақты қаржы қарастырылған. Келесі жылы 173 млрд теңге, 2017 жылы 98 млрд, ал 2018-де 35 млрд теңге бөлінбек. 

Мәжіліс депутаттары  осы тұста «ЭКСПОҒА» қажетті ақшаның толық есебін сұрады.  

Розақұл Халмұрадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Көрме 2017 жылы бітеді. Барлық көрменің құрылыстарын 2016 жылдың соңына дейін бітіру туралы тапсырма берді Президент. Неге 2018 жылға осы көрмеге 35 млрд қаржы қаралған? Себебі не? Ұлттық компаниядан ұрланған қаржылардың орнын толтыру үшін салдық па? Не үшін салдық? 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі   

-Құрылыс біткенімен, онымен жұмыс бітпейді ғой. Ары қарай да жұмыстары бар. Құрылыс біткеннен кейін елдер өздерінің көрсететін заттарын алып келетін, павильондарды дайындау керек, сондай жұмыстарға көзделіп отыр. 

2016 жыл –  2,1 пайыз,  2017 жыл  – 3,6. Ал 2018 жылы – 2,9 пайыз. Бұл ішкі жалпы өнімге қатысты болжам.  

Бюджеттің кірісі мен шығысына келсек. Әлемдік нарықта мұнай мен металл бағасының төмендеп кеткенін баяндаған Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов макроэкономикалық болжамдарын атады.    

Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары  

-Бюджет жобасында үш жылдағы шығыстардың барлығы 7 триллион теңгеден асады. Ал түсім азайып қалуы мүмкін. Мәселен, 2016 жылы қазынаға 6,5 триллион теңге кіріс келеді. Кіріс пен шығыс айырмасын толтыру үшін ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн 300 млрд  теңге кепілдендірілген трансферт бөлінетін болады. 

10. Мәжілісте маңызды мәселелер талқыланды

Ұлттық экономика министрлігіндегілер алдағы уақытта мемлекеттік мекемелерде жаңа штаттық бірліктер құрылмайтынын айтты. Тіпті қандай да бір жабдық, техника сатып алуға ақша бөлуге мораторий жарияланбақ.

Үш жылдық бюджеттен бөлек депутаттар көптеген заң жобаларын қарауына алды. Демалыстан келген бетте олар бірден 45 құжатпен танысқан еді. Ал осы аптада Мәжіліс қабырғасында 30-дан астам заң жобасы талқыланды. 

Осы аптадағы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудан басталды. Төменгі палата төрағасының орынбасарын мәжілісмендер орындарынан тік тұрып, қол соғып, Үкіметтегі жаңа жұмысына шығарып салды. Сосын өздері күн тәртібіндегі 30 заң жобасын талқылауға кірісті. Құжаттардың маңыздылығы сондай көбі ұзақ талдаусыз, сұрақ-жауапсыз мақұлданды. 

Жергілікті полиция қызметі туралы заң жобасы да бірінші оқылымда депутаттар тарапынан қолдау тапты. 

2016 жылы жұмысын бастайтын жергілікті полиция ішкі істер органындағы құрылымдарды оңтайландырып, біріктіру негізінде құрылады. Бұл Заң бойынша тәртіп сақшыларын басқаратын басшыны жергілікті әкім мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындайды. Ал ол кандидатты Ішкі істер министрі ұсынады.               

Қалмұхамет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі 

-Жергілікті полиция басшысы әкім мен мәслихат депутттарына жылына екі рет, ал сол аумақтың тұрғындарына жылына бір рет есеп береді. Осылайша олардың жұмысына халық баға береді. Сондай-ақ бұл жергілікті полиция қызметінің ашықтығын, мөлдірлігін қамтамасыз етпек.

Жергілікті полиция қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алмақ, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағаламақ. Депутаттар құзіреті кеңейген бұл құрылымның қызметіне қатысты ұсыныстары мен күмәндәрін де айтты министрге. 

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Бүгінгі күні ауылды жерлердегі ең үлкен дүние мал ұрлығы боп бара жатыр. Даладан ұрланған малға Ішкі істер органдары: «Біз оған жауап бермейміз. Өзің қалай жоғалттың, солай тауып ал», – деген жағдайлар бар. Жергілікті полиция құрылғанда бұл өкілеттілік учаскелік полицияға берілмек. Осы мәселенің төңірегін дұрыс шешіп алу үшін ішкі бұйрық қабылдау қажет.

Мұхтар Тінікеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Заң жобасына орай біз жергілікті полицияға жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де тапсырып отырмыз. Олардың бәрі жолда таяқшасымен тұрады. Осыны жаңа полицияның қызметінен алып тастауға болмас па екен?

Төменгі палатадағылар бұл отырыста «Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау» жөніндегі заң жобасын тыңдады. Бұл конвенция 1993 жылы Манагуада жасалған. Құжат ратификацияланса, Америкада сотталған қазақстандықтардың  өз елінде жазасын өтеуіне мүмкіндік туады. 

Конвенцияның арнайы шарттары бар: Шартқа сәйкес сотталған азаматтың қалауы ескеріледі; АҚШ пен Қазақстанның тиісті органдарының келісімі қажет; Сотталғанға тағайындалған жаза өлім жазасы болмауы керек. Сотталғанның ісі екі елде де қылмыстық іс деп танылуы тиіс. АҚШ жағы келіссе, біздің сот біздің Қылмыстық Кодекске сай жаза тағайындайды. Алайда ол шешім АҚШ кескен жазадан жеңілірек болуы тиіс.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары

-Осы құжатқа қосылсақ, АҚШ-та сотталған Тажаяқов пен Қадырбаевты елге қайтаруға мүмкіндік болады. Бүгінгі күні Қадырбаевтың анасынан өтініш түсті. Бас прокуратура оны 2 ай бұрын АҚШ-тың Әділет департаментіне жолдады. Жауап әлі жоқ. АҚШ-пен арада келісімшарт болмағандықтан, ол өтініш қаралмауы да мүмкін. 

Сондай-ақ бұл отырыста депутаттар «Мемлекеттік қызмет туралы» құқықтық құжатты қарады. Негізінен мемлекеттік қызметкердің кәсібилігін аттестациялық комиссия тексереді. Енді жаңа заң жобасы бойынша сол комиссия мүшелері жоғары лауазымды орынға кандидат ұсына алады. Бұл білім-білігі келіскен мемлекеттік қызметкерлерді ынталандырмақ.      

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

-Заң жобасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау Республика Президентінің шешімімен жүргізіледі. Елбасы аттестацияның тәртібін, мерзімін, және аттестациядан өтетін мемлекеттік қызметкердің санатын айқындайды. 

Қайрат Қожамжаров жауапты хатшы институты енгізілгелі кадрлардың жиі ауысуы, командалық көшу едәуір азайғанын жеткізді. Жаңа заңда аппарат басшыларына ерекше статус пен құзыреттілік беру жоспарланып отыр. Осы тұста депутат Омархан Өксікбаев лауазымы төмен мемлекеттік қызметкерлердің жайына алаңдайтынын білдірді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Төменгі лауазымды қызметкерлердің жалақыларын алсақ, мардымсыз екені белгілі. Осыны ескере отырып, мемлекеттік қызметкерлерге басты жұмыстарынан тысқары уақытысында басқа жұмыстарды істей алу шаралары, жолдары қаралды ма? 

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 

-Жергілікті орган болсын, орталық орган болсын керекті адамды енді басшылары жібере қоймайды. Жоғары еңбекақымен ұстауға тырысады.

Түс ауғанша созылған жиында депутаттар мемлекеттік органдарға, қоғамдық кеңестерге қатысты заң жобаларын талқылады. Ал Сенат бұл аптадағы бас қосуда екі заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Сенаторлар Ұлттық экономика министрі әкелген мемлекеттің жұмылдыру әзірлігі туралы заң жобасын жаңа тармақпен толықтырды. Азаматтық процестік Кодекске үшінші оқылымда тағы да бірқатар өзгерістер енгізіп, оны да төменгі палатаға жіберді. Осылайша Мәжілістің қарауындағы заң жобаларының саны тағы артты. 

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Серік Қоңырбаев