Хабар телеарнасы

Президент 22-23 тамызда Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады

22-23 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады. Шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.