Маңғыстаудағы Құрық-Жетібай тас жолы қыркүйекте пайдалануға беріледі
Республикалық маңызға ие күре жолдың жалпы ұзындығы 64 шақырым. Оған 40 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілуде. Екі қабатына асфальт-бетон құйылған. Енді үшінші қабаты төселіп жатыр. 4 жыл бұрын қолға алынған жоба жүк тасымалы уақытын екі есе қысқартуға мүмкіндік бермек. Қазір жүк көліктері Жетібайдан Ақтауға бұрылып, одан әрі Құрыққа дейін 140 шақырым жер жүреді. Мамандар жобаның сапалы жүзеге асуын жіті бақылауға алған.
Хамзат Сұлтанов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК МОФ өкілі:
-Басынан бастап тексеріп жатырмыз. Жалпы осы пайдаланып отырған жол құрылылысы материалы біздің зертханадан өтеді. Жер топырағынан бастап, үш асфальтбетон қабатын біртіндеп тексеріп жатырмыз.