Хабар телеарнасы

Жеті күн 17.06.2017

Сюжеттер
1. Жаһанға ортақ мәселе 2. Жаңа энергия – жаңа экономика 3. Астана экономикалық форумы
4. Елбасы қабылдауы 5. Транзиттік әлеует 6. Жылы жүздесу
7. Елбасының қабылдаулары 8. Қауіпсіздік басты назарда 9. Адамзат игілігі үшін
10. ЕХРО 2017 11. ЕХРО 2017 көрмесі 12. Рухани жаңғыру

1. Жаһанға ортақ мәселе

Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин айтқандай«көзді ашып-жұмғанша тастан сарай салғызар, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызар» заманға адам баласы аяқ басты. Қазір ақшаңыз болса, қалағаныңыз қолыңызда.

Есесіне өзіміз өмір сүретін ортаның ойраны шықты. Экономиканы ойлап жүргенде экологиялық апаттарға жол берілді. Шартараптың шаруасын айтсақ, шошытып алармыз. Бір ғана Бейжіңнің жайы белгілі: ол жақтағы ауа – кәнігі көзді ашытатын көк түтін.

Ендеше «аурудан айықтыра алмады» деп жалғыз дәрігерге жабыла дүрсе қоя беруіміз дұрыс емес-ау?! Немесе табиғат қыңыр мінезін танытқанда, қырық пышақ болғанымыздан да не қайыр?! Дерт дендеп, климат күрт өзгерсе, бұл – мұқым елге ортақ мәселе.

Демек Жер бетінде болып жатқан келеңсіздіктерге ғаламдық экономикалық саясаттың «солқылдақ» болуы себеп. Сондықтан адамзатқа жаңа энергияға негізделген жаңа экономикалық сценарий қажет. Елбасының қатысуымен өткен Астана экономикалық форумының отырысы осы тақырыпқа арналды. Яғни халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуымен үндес болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Современный мир меняется с беспрецедентной скоростью. Мы вошли в новую экономическую эру – эру новых открытий, научно-технических решений. Они кардинально меняют природу экономического роста и влияют на образ жизни. Инновации, в том числе в сферах информационных технологий, энергетике, двигают этот процесс. Доля возобновляемой энергии в мировом энергобалансе уже составляет 24%. К 2040 году этот показатель вырастет до 40%.

Дегенмен дүйім дүние бүгінгінің сын-тегеуріндеріне жауап беруде жасықтық танытып отыр. Бұған Нұрсұлтан Назарбаев келтірген бес мысал дәйек.

Біріншіден, осыдан тоғыз жыл бұрын тондырған қаржылық дағдарыстың нақты себептері әлі күнге анықталған жоқ. Екіншіден, әлемдік экономиканың өсімі тасбақадай табандап қалды. Жылдамдық жетіспей тұр. Үшіншіден, сауда-саттықта кері процесс көрініс тапты. Төртіншіден, қоршаған ортаның ластануы шарықтау шегіне шыққан. Бесіншіден, жаһандық энергия тұтынуда теңсіздік артты.

Міне, осындай олқылықтар таразы табағына тасталды. Ал мұндай мазмұндағы жиынға қатыспау – мұң. Сол себептен жүзге жуық мемлекеттің «сен тұр, мен атайын» дейтін мамандары Астанада ат суытты. Анығы, экономистер, саяси қайраткерлер, ғалымдар және ұпайы жоғары ұйымдардың басшылары төрімізден төбе көрсетті. Ең бастысы сарапшылар жай келген жоқ. Әрбірі зат күйінде қарағанда он атаңға жүк болар орамды ой арқалап келді.

Қатысушылар санының жыл санап көбеюі Астана экономикалық форумының алты құрлық үшін ауқымды алаңға айналғанын аңғартса керек.

2. Жаңа энергия – жаңа экономика

Жаңа энергия – жаңа экономика. Биылғы форумға таңдалған тақырып осы. Атауының өзі жаһанды жайлаған дағдарысқа қарсы төтеп берудің формуласын көрсетсе керек. Қиындықтарға қарамай, экономиканы дамыту, энергияны жаңғырту. Бұл сөз айтуға оңай болғанымен, іске асыруға келгенде үлкен қажыр-қайратты қажет етеді. Экономиканы дамытудың дара жолын таңдау керек. Осы сауалдарға әлемнің әр елі жауап іздеп жүр. Бұл жиынның жөні бөлек. Осымен 10 мәрте салмақты сарапшылардың басын қосқан кеңесте қазіргі күннің кедергілері айтылды. Бір емес, бірнеше мәселеге мән берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Вместе с тем мировая экономическая политика сегодня не совсем отвечает этим современным вызовам. Во-первых, до сих не устранены фундаментальные причины тяжелейшего финансового кризиса, случившегося 9 лет назад. К ним добавляется рост глобального долга, который в 2,3 раза превышает внутренний продукт мира. Во-вторых, медленно восстанавливаются темпы роста мировой экономики. В-третьих, в глобальной торговле наблюдаются обратные процессы. Некоторые страны последовательно усиливают протекционистские меры вразрез трендам глобализации. В прошлом году темпы мирового роста торговли стали самыми низкими за последние 8 лет. В-четвертых, загрязнение окружающей среды достигает критических пределов. По данным подсчетов ООН, если проблема парниковых газов не решится, мировая экономика потеряет порядка 12 трлн долларов или 16% мирового ВВП. В-пятых, нарастают дисбалансы в мировом энергопотреблении. Такие дисбалансы становятся причиной негативных процессов глобального и регионального масштабов. Например, значительного роста миграционных потоков.

Қазіргі уақытта жалпы ішкі өнімге қарап, елдің әл-ауқатын бағалаймыз. Бұл тұста барша халықтың кірісі теңдей есепке алынды ма, жоқ па – ол жағын бағамдамаймыз. Демек біз айтып жүрген мемлекеттің даму динамикасының көрсеткіші жаңаруды қажет етеді. Елбасы 100 елден келген делегаттар алдында осы түйткілге тоқталды. Әлем экономикасы жүйесінің жаңа моделін енгізуге үндеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Часто используемый всеми нами индикатор – валовый внутренний продукт – имеет целый ряд существенных изъянов. ВВП не отражает долгосрочный характер экономической деятельности, он не учитывает ущерб, который наносится окружающей среде, включая истощение природных ресурсов. Кроме того, он не отражает качество жизни в той или иной стране. ВВП на душу населения не показывает реального благосостояния граждан, не учитывает расслоение населения по доходам. Традиционный ВВП создает ложное восприятие в экономическом процветании. Считаю, что на базе «зеленого» ВВП и таких индексов, как индекс человеческого развития, индекс лучшей жизни ОЭСР, мировое сообщество может принять обновленную методику расчета ВВП. Она должна адекватно отражать потребности в сбалансированном развитии стран.

Экологияны сақтап, таза энергияны қолдану арқылы біз қоршаған ортаны сақтаймыз. Ең бастысы әлемдік жылынудың алдын аламыз. Бұл тақырып осы уақытқа дейін айтылды, жазылды. Алайда табиғатты қорғаудың пайдасы мұнымен шектелмейді. Әлем «жасыл технологияға» көшіп, ластанудан ада болса, қалдықты тазартуға бөлінетін қаржы қысқарады. Ол экономиканың әлденуіне әкеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Экономический рост должен основываться на развитии чистой энергетики и сохранении экологии. Важно всеобщее исполнение Парижского соглашения. По оценкам международных агентств, достижение его целей не только замедлит глобальное потепление, но и даст прирост мировой экономике на 20 трлн долларов или на 27%. При этом будут созданы миллионы новых рабочих мест. Республика Казахстан первой из стран Восточной Европы, Кавказа и Центральной Азии запустила систему торговли квотами на выбросы парниковых газов. Мы разработали и приняли соответствующую нормативно-правовую базу, готовы делиться опытом в этой сфере.

Дамуға ниетті, алайда технология мен қаржыдан құралақан елдер баршылық. Оларға қазіргі күні жаңа технологияның мүмкіндігін көрсетіп, тарылған тынысын ашу керек. Бірақ дамыған елдер тың жаңалықтарымен бөлісуге келгенде бөтен мінез танытады. Жобаларын жасырып ұстап, патенттеп алады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ключевым элементом новой модели роста должно стать вовлечение развивающихся стран в ускоренное устойчивое развитие. На сегодня страны-разработчики новых технологий закрываются авторскими правами и патентами. Это приводит к всё большему отставанию стран, у которых недостаточно научных и финансовых ресурсов. В этом вопросе не должно быть искусственных барьеров. В мире 1,5 млрд человек сегодня всё еще живут без электричества. Порядка 3 млрд живут в условиях дефицита воды. Такая ситуация будет всё больше и больше приводить просто к массовой миграции на Земле. Поэтому важно создавать условия для самостоятельного развития стран и превращения их в места, комфортные для проживания.

Жаһан жұрты қаржылық қиындықтарға қарсы келіп, онымен күресудің түрлі амалдарын қарастырып отыр. Біз де дамушы ел ретінде экономиканы өсірмекпіз. «100 нақты қадам», «Қазақстанның үшінші жаңғыру», «Рухани жаңғыру» мұның бәрі көп түйткілге тосқауыл қояды. Мәселен, қолға алған жұмыс қазірдің өзінде нәтижесін көрсетті. Қазақстан бүгінгі күні бизнес жүргізу жеңілігі бойынша әлемде 35-орында тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– В этом году в рейтинге мировой конкурентоспособности IMD республика заняла 32 место, поднявшись на 15 позиций. По легкости ведения бизнеса Всемирного банка Doing Business Казахстан занял 35 место, с ростом на 16 позиций. Мы гордимся, что мы достигаем таких показателей, как молодая развивающаяся страна. Несмотря на неблагоприятные внешние факторы, в 2017 году мы ожидаем рост ВВП страны в пределах 4%. С 2015 года реализуется План нации «100 конкретных шагов», предусматривающий институциональные реформы по важнейшим направлениям экономики и жизни общества. С начала этого года мы приступили к Третьей модернизации Казахстана. В числе приоритетов – ускоренная технологическая модернизация экономики, ее цифровизация, кардинальное улучшение и расширение бизнес-среды, развитие человеческого капитала.

Өршіл жоспар жүзеге асып жатыр. Бұл тұста Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысын айтпай кетпеске болмас. Ұйымға қатысты қанша сын айтылғанымен, бағдары байыпты. Осы жылдың бірінші тоқсанында одаққа мүше елдердің экономикалық байланысы біршама ширай түскен.

Игорь Шувалов, Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары:

– Қазақстанның жылдар бойы дамуын біз бақылап отырмыз. Мен Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысымен айналысып, оның бағытын бағдарлаймын. Осы тұста Еуразиялық экономикалық одақтың шынайы теоретигі де, практигі да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екенін ерекше атап өтемін. Күрделі уақытта біз бірлесіп, тың экономикалық жобаларды қолға алдық. Бұл істің жалғасы жемісті боларына күмән жоқ.

Қазіргі кезде дағдарыстан шығудың бір емес, бірнеше жолын қарастырыған жөн. Мәселен, Америка экономисі Николас Талеб жиында өз ұсынысын жасады. Оның пікірінше, кәсіпкерлікті дамыту арқылы қиындықты еңсеруге болады.

Николас Талеб, экономист (АҚШ):

– Қазір теориялық тұрғыда болашақты болжау қиын, тіпті мүмкін емес. Мысалы, осыдан 40 жыл бұрын Астана осындай көркем қала болады деп біреу айтса, оған сенбес едік. Бірақ Қазақстанның бас қаласына қазір әлем сүйсінеді. Сол сияқты осыдан 100 жыл бұрын АҚШ-тың экономикасы өте нашар болатын. Еуропадан қалып қойды. Алайда олар жетістікке қалай жетті? Америка бизнесті өркендетті, бірақ кәсіптерінің дені банкротқа ұшырады. Міне, сол сәтсіздіктен қорытынды шығара білді. Соның есебінен алға шықты.

Қазақстан адымдап алға қадам басып келеді. Бұл – тек біздің емес, шетелдік сарапшылардың да пікірі. Сырт көз біздің елдің қолға алған әрбір ісін дара деп түйді. ЭКСПО көремесі, Қаржы орталығы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі – мұнымен тізім шектелмейді. Осы қадамдар дамушы елге едәуір салмақ қосады.

Ханс-Пол Бюркнер, The Boston Consulting Group директорлар кеңесінің төрағасы:

 Қазақстанға келген сайын мен өте көп энергия аламын. Өйткені соңғы 25 жыл ішінде үлкен өзгерістер болды. Соның айқын дәлелі  ЭКСПО көрмесі. Бұл шараны мен сіздердің жетістіктеріңіздің бір парасы деп айта аламын. Қазіргі уақыттағы түрлі қиындықтарға қарамай, Қазақстан тура бағдар ұстанып, дамып жатыр. Осы жүйелі жолдарыңыз оң боларына сенім мол.

Джейкоб Френкель, Jpmorgan Chase International корпорациясының төрағасы:

 Қазақстан осы 25 жылда өте бір керемет өзінің даму қарқынын көрсете алды. Мемлекет мерейтойын атап өтті және осындай жетістіктерге жетті. Біз Қазақстанның бағындырған биігін көріп қуанамыз. Олардың бірнешеуін айтайын. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды және өзіндік Астана қаржы орталығын құруды қолға алды. Бұны мен өте батыл шешімдер деп есептеймін.

Жиында экономикалық проблемалардан бөлек экология турасында түрлі пікір айтылды. Елбасының ұтымды жоспары назарға алынды. Аузын айға білеген білімділер бұл бастаманы жерде қалдырмасы анық. Өйткені сарапшылар:«Тың технологиядан қашпай, оны тиімді қолдана бірген дұрыс», – деді. Демек жаңа мүмкіндікті оңтайлы пайдалану тұжырымы төрткүл дүниеде әлі талай айтылады.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:

– Астана экономикалық форумның бұл жиылысы былтырғыдан өзгерек өтті. Экономика мен экологияны ұштастыру арқылы қарыстап емес, қарыштап алға жылжуға мүмкіндік барын байқатты. Біздің елде қос бағытта да серпіліс бар. Мәселен, 2013 жылы Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші болып,«жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын қабылдады. Соның негізінде 50 кәсіпорын бой көтеріп, қазіргі уақытта 300 МВт қуатпен баламалы энергия алынып отыр. Міне, осы сандарға қарап,«жасыл энергиядағы» жүрісімізді аңғарамыз. Осы жолдан таймасақ, талай асуды бағындырамыз.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

3. Астана экономикалық форумы

Астана экономикалық форумының алаңында Елбасы тағы бір түйінді тақырыпты алға тартты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қаржы архитектурасын өзгерту қажеттігіне басымдық берді. Яғни халықаралық есептік төлем бірлігін енгізуге кірісер күннің туғанын жеткізді.

Ал ол қандай бірлік болмақ дегенге келсек: ол – көптен бері айтылып жүрген криптовалюта. Қарапайым тілмен қайырғанда, электронды ақша. Мәселен, Еуропаның еуросы, Американың доллары, Қазақстанның теңгесі болса, енді интернеттің де өз валютасы бар.

Оны қолмен ұстап, қалтаға салып жүру мүмкін емес. Бірақ сенімділік тұрғысынан селкеу жоқ деп сендіреді мамандар. Себебі валютаның бұл түрі делдал атаулыдан ада. Яғни сатып алушы сатушыға ақшаны тікелей аударады. Банкке бас сұғып не болмаса киви-әмиянға қаржы құюдың қажеті шамалы. Жүйедегі монеталарды жіберсеңіз болғаны.

Елбасының есебінше, егер осы төлем бірлігін бір ізге келтіре алсақ, онда күллі әлем валюталық соғыстардан, алаяқтықтан, сауда қарым-қатынастарындағы қателіктерден құтылады. Тек Президент қойған бір талап бар – валюта қарапайым әрі пайдаланушыға бағынышты болуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Важно, чтобы она базировалась не на абстрактном доверии, а на обеспечении конкретными активами. Чтобы эта валюта была демократична, то есть принималась с участием потребителей со всего мира. Поэтому мы предлагали G-Global, чтобы не только G20, но большее число стран участвовало в этом важном деле. Введение глобальной валюты возможно путем создания пула центральных банков, например, при специально созданном комитете Организации Объединенных Наций. Должно быть равноправное, справедливое представительство всех стран в ее миссии. Вопрос, конечно, непростой, но от этого проблема никуда не уходит. Нам надо говорить и решать.

Уақыт бәйгеге қосылған жараулы аттай жылдамдығын арттырмаса, азайтар емес. Тиісінше адамзаттың тұрмыс-тіршілігі де мың түрленді. Баяғы қияр жапқандай қылып, барымызды банкке басып алудың дәурені келмеске кеткен. Қазіргі өмір сиқыры көп цифрлы жүйеге жүктеулі. Және соның ығына қарай жығылып, көнуден басқа әзірге көзге ілінген амал жоқ.

Бүгін былай. Ал ертең қалай болады? Ол жағы енді ауыл шетінде жайылған қойды дүрбімен қарай салғандай дүние емес. Болжауы қиын. Әсіресе әлем-тапырық әлемде. Бірақ осылай екен деп Қазақстан Президенті қарап отырған жоқ.

4. Елбасы қабылдауы

«Өзгелер ертең ойлайтын істі бүгін жасау керек» деген ұстанымынан айнымаған Елбасы күні кеше Ақордада осы заманның ақылгөйлерін жинады. «Ақылгөйлер» дегеніміз – Нобель сыйлығының лауреаттары мен белгілі экономистер. Бұл – олардың Астанаға алғаш аяқ басуы емес. Басқосу – жылдағы дәстүр.

Осы жолы да пышақтың өткір жүзіндей өзекті мәселелерге мән берілді. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық интеграцияға инедей шаншылған түйткілдерді тізіп шықты. Ал ол проблемаларды шешуде «ЭКСПО-2017» көрмесінің көп пайдасы тиерін жиналғандар жақсы түсінеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумының да жаңа энергетика тақырыбына арналғанына баса назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Развитие отдельных регионов сдерживается множеством проблем и вызовов. Последние новости о выходе из Парижского соглашения, проблемы вокруг Катара – всё это усложняет устойчивое развитие. Экологические проблемы, процессы деглобализации, миграционные потоки, волатильность, патернализм мешают торговле, взаимоотношениям, интеграции. Поэтому все эти и многие вопросы вам известны. Послушать вас и поговорить об этом на пленарном заседании будет очень интересно.

Мәртебелі меймандар да өз кезектерінде өзекжарды ойларын ортаға салды. Әңгіме жаһанның жайынан тартылып, Қазақстанның қазіргі қарқыны турасындағы толғамдармен толысты. Нобель сыйлығының иегерлері, әсіресе елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңыздылығына аса мән берді.

Ханс-Пол Бюркнер, The Boston Consulting Group директорлар кеңесінің төрағасы:

– Біз кездесуде Қазақстандағы жеке секторларды дамытуға бағытталған реформаларды талқыладық. Бұл бастамалар экономиканың дамуына өз үлесін қосып жатқандығы бізді қуантады. Әсіресе «Рухани жаңғыру» бағдарламасының берері мол. Жалпы сіздердің елдеріңіздің әлеуеті өте жоғары. Бұл ретте иноваторлардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану керек.

Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты:

– Біз Президентпен төмен көміртекті экономикаға көшу мәселесін талқыладық. Әрине, бұл ұзақ мерзімді жоспарды қажет етеді. Аз уақыттың ішінде одан пайда табу мүмкін емес. Бұл ретте мұнай өндіретін алпауыт компанияларға салықтың жеңілдіктерін алып тастау керек. Керісінше «жасыл технологияларды» өндіретін мекемелерге осындай жеңілдіктер жасалуы қажет.

Фредерик Мусива Шава, БҰҰ ЭКОСОС төрағасы:

– Біз әр елдің даму деңгейін бақылаймыз. Кедейлікпен күрес сынды мәселелерге көптен көңіл бөлеміз. Бұл ретте Қазақстан табысы орташа деңгейдегі мемлекеттердің қатарына еніп отыр. Сіздердің елдеріңіздің әлеуеті жоғары.

Табысқа жетемін десең, тақтайдай тасжол төсе. Бұл – жаңа заман тудырған жаңа тәмсіл. Шындығында, көліктік-логистикалық жүйесі жетілген елдер көш басында. Бұл тұрғыда Кәрі құрлық – кәнігі мысал. Германияда көлік логистикасының үлесі жалпы ішкі өнімнің 13 пайызын құраса, Ирландияда 14 пайыз шамасында.

5. Транзиттік әлеует

Қазақстанның қарқыны қалай? Мүмкіндік жағы географиялық орналасуымыздан-ақ таныс. Иә, транзинттік әлеует тәп-тәуір. Сарапшылар кезінде 2 миллиард доллар деп долбарлаған. Әзірге атаулы санның жартысына жеткендейміз.

Қуанарлығы – бұл сала самарқаулықтан қашық, сергектікке асық. Оған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының белсенді түрде іске асуы айғақ. Бағдарлама аясында бірінші жылы 1600 шақырым жол салынды, ал былтырғы берілген көлем – 900 километр. Енді мұны XXI ғасырдың басты жобасы саналатын Жібек жолымен байланыстыру басты назарда.

Апта бұрын Аспанасты елінің басшысы Астанаға келіп кетті. Сол сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин жаңа контейнерлік пойыздың жұмысына бастау берді. Теміржол Қытайдың Ляньюньган портынан шығып, Қазақстан арқылы Орталық Азия мен Түркияға тартады.

6. Жылы жүздесу

Тап осы тұста Қазақстан үшін Еуропаға есік ашатын сенімді бір серіктес бар. Ол – Грузия. Себебі бұл мемлекет Кавказ арқылы өтетін теміржолдың бойында. Оған қоса Қара теңіздегі «Батуми» айлағы қазақ кәсіпкерлерінің қарамағында. Ал екі ел арасындағы байланысқа келсек, әрине, етене. Тек 2016 жылы сауда-саттық сәл саябырсып қалған. Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилидің Астанаға жасаған осы жолғы сапарынан кейін оң өзгерістер байқалады деп күтілуде.

Өткен аптадан бері Астанаға ағылған халықта қисап жоқ. Шетелдік қонақтармен қатар аймақтардан келіп, ат суытқандар қаншама. Әсілі аптасында немесе айына қонақ қабылдайтын Ақорданың да бұл жолы дәстүрі жаңғырды. Нақ осы онкүндікте 20-ға жуық мемлекет және ірі ұйым басшылары бас қалада болды. Олар Елбасымен жүздесті, ЭКСПО көрмесін көрді. Әріптестерінің ізін жалғап апта басында Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили де Астанаға алғаш келді. 4 жылдан бері мемлекет басқарып жүрген грузин басшысын ел Президенті қарсы алды. Ресми сапардың салтына сай құрмет көрсетті.

Екі елдің байланысы бұрыннан бекем. Достық, әріптестік қатынас қарқын алмаса, бәсеңдеген емес. 25 жылдан бері тараптар түрлі бағытта, сан-салада ынтымақты еселеді. Енді сол сара жол жалғасын табады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Вы приехали в очень знаменательное время – 25 лет нашим дипломатическим отношениям, открылась выставка EXPO 2017. Мы благодарны за ваше участие и приезд. Павильон Грузии здесь будет демонстрироваться. У нас очень большое открытие произошло 9 июня вечером с участием 17 глав государств и многих членов правительств. И я думаю, у вас будет возможность увидеть, оценить сделанную большую работу. Мы построили еще один новый район нашего родного города. Наши отношения всегда были хорошими. Первые годы мы помогали Грузии, мы – одни из основных инвесторов вашей экономики с тех пор. И я не вижу никаких препятствий, чтобы дальше улучшать наши отношения. Ваш приезд очень важный в этом плане.

2006 жылы Қазақстан Грузияға инвестиция салған елдер ішінде алдыңғы орында еді. Әлі де сол жолдан тайған емес. Қолдағы бар мәлімет бойынша біздің ел 300 миллион доллар қаржы құйған. Грузияда жұмыс істеп тұрған 165 компания сөзімді нығарлай түседі. Атқарылып отырған ауқымды іс қос елге пайдалы. Өйткені мемлекеттердің экономикасы осы қадам арқылы қарқын алып келеді.

Георгий Маргвелашвили, Грузия Президенті:

– Қазақстан сияқты елді көру көптен күткен арман-ниетім еді. Себебі мен осы жердегі адамдар жайлы, осы елдің даму динамикасы туралы көп естідім. Қазір сіз және сіздің xалқыңыздың қандай жұмыстарды атқарғанын, қиын жылдарға қарамастан, қандай жетістіктерге жеткенін өз көзіммен көріп отырмын. Біз сіздердің қолдауларыңызға шын жүректен ризамыз. Грузия xалқы оны сезінеді және жоғары бағалайды. Сонымен бірге біздің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуымыз аса маңызды деп санаймын. Өйткені көрме арқылы біз экономикамыздың жетістіктерін көрсете аламыз. Ең бастысы бұл қадам біздің байланысымызды арта түседі.

Байланысты берік етудің тағы бір оңтайлы жолы бар. Ол «Бір белдеу, бір жол» жобасы арқылы әрекет ету. Мәселен, Грузиядағы Батуми портына қазақстандық компания иелік етеді. Демек Қара теңіз арқылы Еуропаға жол ашық. Осы мүмкіндікті қос елде оңтайлы пайдаланса, транзиттік әлеуеттің артары анық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Есть сейчас возможность сделать так же, как и Казахстан, Грузию транзитным государством в связи с развитием Шелкового пути «Один пояс, один путь». Через Казахстан и через Грузию выход в Европу, на Черное море – очень важно. И транспортные коридоры по газу и нефти, которые проходят через Кавказ, через Грузию, очень важно. В связи с этим мы говорили о важности для Казахстана Батумского терминала и Батумского порта, которыми владеют казахстанские компании. Обсудили вопросы, чтобы проблемы, которые есть, решить. Если по тарифам министерства договорятся, этот путь может стать самым выгодным как для Китая, Казахстана, так и для Грузии, поднимет транзитные возможности нашей страны.

Сонымен бірге мемлекет басшылары экономикалық байланыспен қатар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақты күшейтуге уағдаласты. Елбасы«Берік достықтың үлгісін жастарға өнеге ету қажет», – деді. Оның нақты қадамы екі ел студенттерінің алмасуы. Бұл іс Қазақстан – Грузия байланысына көрік беріп, әріптестікті әрлі ете түсері сөзсіз.

Георгий Маргвелашвили, Грузия Президенті:

– Менің бұл сапарым – елдер арасындағы қарым-қатынастың тереңдеуі мен дамуы үшін жасалған тағы бір маңызды қадам. Мен Президент мырзаны біздің елде қонақ ретінде қабылдауға ниет білдірдім. Келешекте сапар жүзеге асады деген үміттемін.

Георгий Маргвелашвили сапар кезінде ЭСКПО көрмесін де тамашалады. Грузияның ұлттық күні аясында өтіп жатқан шараларға қатысты. Ол өз сөзінде«ЭКСПО-2017»көрмесі халықтар достығын одан әрі нығайтады», – деді. Рас шығар. Өйткені мұндағы мыңдаған халықтың мүддесі бір – болашақтың энергиясын дамыту. 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев

7. Елбасының қабылдаулары

Елбасы Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Астана мен Қазан шаһарлары арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Рустам Миннихановты Ресей күнімен құттықтап, халықтар арасындағы достық қарым-қатынастың бекіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Татарстан Президенті «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін және елорданың жаңа сәулет нысандарын аралағаннан кейінгі әсерімен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сегодня день России. Я поздравляю вас. В этот день происходит ваш визит.

Рустам Минниханов, Татарстан Республикасының Президенті:

«Нұр Әлем» сферасындағы технология таңдай қақтырарлық. Ішіне кірсең, шыққың келмейді. Бұл ретте сізге мынадай ғажап көрме ұйымдастырғаныңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Біз мұндай көрмені бұрын-соңды көрген емеспіз. Барлығы өте сапалы жасалған. «Болашақ энергиясы» деп айдар таққан тақырып та өте орынды. Тағы да қайталап айтайын, көрмелеріңізге көз тоймайды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айрықша атап өтіп, қазақ халқына қонақжайлылық танытқаны үшін ризашылық білдіргендердің бірі – Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев. Ол ақжарма пейілін Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон арқылы жеткізді. Әңгіме барысында екі ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың бүгінгі барысы мен болашақ ырысын талқылады. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша да өзара пікір алысты.

8. Қауіпсіздік басты назарда

Күллі әлем көз тіккен көрмені жоғары дәрежеде өткізу оңай жұмыс емес. Әсіресе қауіпсіздік жайы қатаң қаралуы керек. Осы орайда Елбасы күштік құрылымдарға күш сала әрекет қылуды қадап тұрып тапсырған. Жауаптылар міндетті мінсіз орындап шықты. Бірақ бұл босаңсуға болады дегенді білдірмейді. Алда атқарылар іс әлі де алпауыт.

Осы аптада Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады. Кездесу барысында Елбасына 2017 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуал егжей-тегжейлі айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүргізіп отырған шаралардың нәтижелеріне тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттілігін атап өтті. Жалпы алғанда, жағдай түзеліп келеді. Қылмыс жасау 16%-ға азайған. Оларды ашу көрсеткіші 60-тан 70,2%-ға көтеріліпті. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 26 мың адамға рақымшылық жасалып, оның 1200-і бостандыққа шықты.

Әңгіме барысында Ішкі істер министрі Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде Астанадағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап, ішкі істер органдарындағы реформалардың нәтижелері жөнінде ақпарат берді. Елбасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуында тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен өзге де арнайы органдардың жұмысына оң бағасын беріп, еліміздің ауқымды іс-шараларды өткізуде мол тәжірибе жинағанын алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Хотел высказать свою благодарность всей полицейской службе страны, Комитету национальной безопасности, Службе внешней разведки «Сырбар» и другим органам, которые обеспечивали безопасность на церемонии открытия EXPO 2017. Мы провели ее очень организованно, при участии многих глав государств и других гостей. Всему личному составу я объявляю благодарность. Наши службы сработали на «пятерку». Я понимаю, что это непросто. Вы командировали людей из областей, офицеры стояли на посту, каждый занимался своим делом: на далеких подходах, внутри обслуживали высоких гостей, их встречу, их проводы. Всё было обеспечено нормально. Так что я благодарен.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

– Мемлекет басшысына еліміздегі қылмыстық істерге қатысты 2017 жылдың өткен айларының қорытындысын баяндадым. Сонымен қатар Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі қоғамдық тәртіпке байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде және ішкі істер органдарындағы реформалар жайында да есеп бердім.

9. Адамзат игілігі үшін

Үздіксіз алға жылжыған ел ғана озады. Бұл – бұлжымас факт. Осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстан әлем картасында белгіленіп пе еді?! Әрине, жоқ. Ал қазір етек-жеңімізді жиюлы. Тіпті аз ғана уақытта біз дүние жүзінің 56 елінің басын қосатын Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, 57 мемлекетті біріктіретін Ислам ынтымақтастық ұйымына абыроймен төрағалық етіп, ұлтымыздың рухын көтеріп, жұртымыздың еңсесін биіктеттік.

Сондай-ақ Еуразиядай алып құрлықтағы ең түйінді мәселелерді шешетін 30-ға жуық мемлекеттің басын қосып, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің негізін қаладық. Бүгінде көпшіліктің көңілін аударып отырған Шанхай ынтымақтастығы ұйымын құруға да ұйытқы болған біз едік. Енді сол абыройды одан ары асқақ етер сәт туды. Ол – «ЭКСПО-2017» көрмесі.

Шараның шымылдығын ашқаннан-ақ шартарап шуласты. Енді сол екпінмен үш айды еңсеріп шығу – міндет. Айтулы шараның алғашқы аптасы қалай өтті? Қандай жасыл технологиялар таныстырылды? Көрмені ұйымдастырудағы қазақстандық тәжірибеге қызығушылық танытқандар кімдер?

Әсем Қабылбек, тілші:

– «Нұр Әлем» деп аталатын сфера – халықаралық ЭКСПО көрмесінің символы. Бір сөзбен айтқанда, көрменің жүрегі десек болады. Ғимарат 8 қабаттан тұрады. Бірінші және сегізінші қабатта еліміздің бүгіні мен ертеңі жайлы толы мағлұмат алуға болады. Ал қалған 6 қабат жаңғыртылатын түрлі энергия көздеріне арналған. Ең үздік жобаларды көру үшін мыңдаған келуші ұзынсонар кезекке тұрудан жалықпайды.

Баламалы энергия – сарқылмас қуат көзі. Экономикаға өте тиімді. Шығын аз әрі қолжетімді. Халықаралық көрмені өткізуші Қазақстан энергия өндіруге қатысты ең үздік 28 жобаны ұсынып отыр.

Оның ішінде су, жел, күн, кинетикалық және ғарыш энергиясы, биомасса бар. Тіпті өсімдіктерден де қуат өндіріледі. Дизельдік отын алуға болады.

Гид:

– Біз әрқашан қоқыстарды мысалға ешқандай өңдеусіз тастап жатырмыз. Ал егер оларға дұрыс химиялық процестерді қолданатын болсақ, қоқыстың өзінен шынайы жаңа энергияға аударуға болады.

Мамандандырылған көрмеде әр павильонның өзіндік ерекшелігі бар. Қатысушы мемлекеттер өзара энергия алудың қыр-сырымен бөлісуде. Еуропа елдері – тұрмыстық қалдықтарды түгелдей өңдеп, оны энергияға айналдырудан көшбасшы. Финляндияда бірде-бір қоқыс далада қалмайды. Қалдықсыз өндіріс. Финдер өз отауын құруда бір ғана материал қолданған. Ол – фин қарағайы. Тауда өсетін табиғи мүкті арнайы әкеліпті. Бұл – қоршаған ортаға көрсеткен құрметі. Елде кесілетін ағаштан гөрі өсірілетін көшеттердің саны көп. Әлем бойынша ең таза су Финляндияда. Тұрғындар ешқандай сүзгіден өткізбей іше береді. Елде судан энергия алу жақсы дамыған.

Әсем Қабылбек, тілші:

– Австрия павильоны сырттай қарағанда, балалардың ойын алаңшасын еске түсіреді. Қызылды-жасылды әртүрлі түстер көздің жауын алады. Мұнда келген кішкентайларды айтпағанның өзінде үлкендердің өзі кідіретіні рас. Себебі әр композиция энергия алуға бағытталған. Яғни адамның өзі қуат көзі болып табылады. Ендеше сынап көрелік. Мәселен, мынау желден энергия алады.

Балалық шаққа оралу – мұнда келгендердің жиі айтатын сөзі. Қимыл-қозғалыс арқылы энергия өндіру адамға ерекше көңіл сыйлайды. Бір шетінен бірлік болмай, тірлік болмайтынның дәлелі.

Ділмұхамет Қожатаев, қала тұрғыны:

– Австрия павильонында әрбір адам өзінің энергиясын шығаруға жақсы мүмкіндіктер жасалған. Мен өз шын ниетіммен әткеншекте жақсы ойнап шықтым. Оны ойнаған мен сияқты зейнеткер кісі үшін бүртүрлі екен. Сол үлкен әсер берді. Австрияға келгенде балалығым ұстап кетті.

Павильонның сәулетшісі әрі суретшісі – Йохан Мозес. Ол адамдардың күлген сайын энергия көбірек өндірілетінін айтады.

Йохан Мозес, Австрия павильонының сәулетшісі:

– Велосипед дөңгелегін айналдырғанда, экранда Австрия туралы ролик шығады. Велосипедке отырғанда адамдардың көңіл-күйі өзгеріп, бір-бірімізбен тығыз қарым-қатынас басталады. Келушілер бақытты адамдардың энергиясы әлемді құтқаратынан әрі энергия өндіру оңай емес екенін біліп жүретін болады.

Баламалы энергия көздерін табу – ең алдымен әлемдегі экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игі іс. Астанадағы ЭКСПО көрмесінде бірқатар ел гибридті көліктерімен көпті елең еткізді. Солардың бірі – Франция. Бұл көлік электр тоғымен де, жанармаймен де жүреді. Қоршаған ортаға зиянсыз. Әзірге Францияда гибридті көліктің үлесі – 6%. Ал күн батареяларымен ғимараттың сыртын қоршап энергия алу кеңінен қолданылады.

Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:

– Біз күн, су энергиясынан бөлек биоэнергетикаға да көңіл бөліп отырмыз.

Германия – «жасыл экономиканың» көшбасшысы. Неміс мамандары балдыр өсіру технологиясын жетік меңгерген. Фотосинтез арқылы өсуінен бастап жылу энергиясын пайдаланып, балдыр көбігін жинау таңсық емес. Алуан түрлі көлік құрастыратын Германия тағы таңғалдырды. Екімоторлы көлік. Бұдан өзге электрлі скутер мен велосипед – көрменің басты қызығы. Ағын судан энергия алудың озық үлгісі осында.

Оңтүстік Корея – өнертапқыштар елі. Озық технологиясымен жаһанға танымал. Сондықтан болар павильон алдында күнұзаққа адам қарасы үзілмейді. Қонақтар алдымен танымал суретші Ким Джонг Ги туындысымен танысады. Анимациялық шоу табиғатты құтқаруда баламалы қуат көзінің маңызды екенін көрсетеді. Ары қарай виртуальды әлемде энергетикалық орманның әлеуетін планшеттің көмегімен тамашалайсыз. Сумен жүретін көлік пен энергия көзінен қуат алатын ұшақ келушілерді бейжай қалдырмайды.

Азияда Күншығыс елінің ілімі мен ғылымы озық. Жапондардың табиғи байлығы болмаса да, жеткен жетістігі таңдай қақтырады. Бір тамшы мұнайы жоқ ел қазір сутегімен жүретін көлікті көбейткен. Бір бөшке сумен 650 шақырым жол жүреді. Күн мен судан энергия алуда көшбасшы. Жапон халқында «матайнай» және «аригатай» деген сөздер бар. Бұл қолда бар нәрсені шүкіршілікпен қабылда, еселе дегенге саяды.

Альпі тауының баурайы. Швейцария павильонына келсеңіз, сондай күйге бөленесіз. Әдемі пейзаж адамды еліктіреді. Көрмедегі елдің ұраны «Гүлдер қуаты» деп аталады. Айтар ойы – табиғи ресурстардан алынған энергияның әлеуеті зор. Күн энергиясы үйі бәрінен ерекше. Швейцариялықтар картоптың қабығынан биогаз өндіреді.

Болашақ бүгіннен басталады. Келешек қалалардың келбеті қалай болмақ? Қандай көлік мініп, қандай баспанада тұратын боламыз? Осы сұрақтарға барлық қатысушы ел жауап іздеген. Астана төрінде Арктика мұздығы тұр. Биіктігі 4 метрден асады. Ресей гидроэнергетиканы дамытуға мүдделі.

Мария Николаева, Ресей павильонының гид-аудармашысы:

– Құрылғы өте қымбат. Су бетінде атом электрстанциясы қалқып жүр. Ол бүкіл солтүстік өңірді жарықпен қамтамасыз етуге жетеді Қазір атом энергиясы бейбіт мақсатта қолданылады.

Мосуд Маннан, Бангладеш Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

– ЭКСПО-ға үшінші рет келуім. Бұл көрме – адамның таным көкжиегін кеңейтуге берілген мүмкіндік. Мәселен, Ресей павильонындағы безендіру жұмыстары ұнады. Арктика туралы көп мағлұмат алдым. Онда баламалы қуат көзін өндіруге болатынын енді білдім. Әйтпесе көбі Арктикада тек мұздықтар ғана бар деген сенімде.

Ақылды энергияның дәуірі. Қытайлықтар электр қуатын үнемдеудің тетіктерін меңгерген. Көрші елдің көрме залдарындағы басты тақырып – ядролық энергия. Әлемде энергетикалық қуаттың шикізаттарына балама табу күн тәртібінен түскен емес. Қазақ елінің бастамасы – әлемге залалсыз, табиғатқа да, адамзатқа да пайдалы баламалы қуат көзін дамыту. ЭКСПО көрмесі – тың идеялардың бастамасы. Әркім өзіне керегін алады. Көрме аумағында мұнай өндіретін компаниялар «жасыл экономиканы» насихаттауға келгенде белсенді. Әсіресе балаларға арналған бұрыш еріксіз өзіне назар аудартады. Ойын арқылы қоршаған ортаға сүйіспеншілікті оятады.

Әсем Қабылбек, тілші:

– Бұл жер – ең соңғы қадам, яғни мен құрған планетаны қазір көретін боламыз. Бұл жерде дұрыс-бұрыс деген жауап жоқ. Міне, сіздікі «Әсем» деген ғой. Қазір көрінеді. Менің ғаламшарым міне. «Әсем» планетасы келе жатыр. Халықтың саны 1 млн-нан асады. Электр қуатын үнемдеу, сутегі көліктерін қолдану, энергияны теңізден іздеу осындай нұсқауларды таңдау бойынша қойылып шықты. Мұның бәрі кішкентай балаларды жастайынан табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Ең басты мақсаты да сол.

Бала кішкентай кезінен ғылымға қызығып, энергия көздері туралы мәлімет алады. ЭКСПО аумағында жиын көп. Көрмеге қатысушы елдердің әрқайсысы күн сайын ұлттық күнін өткізеді. Халықаралық шара – тек ғылыми жетістіктер ғана емес, түрлі мәдениеттер тоғысы. Қазір еріктілердің жұмысы қызған шақ.

Батима Құсайынова, ерікті:

– Міне, Канаданың Cirque du Soleil циркі келіп жатыр. Соған көмектесеміз. Қонақтарды қарсы аламыз.

Үздік технологиядан бөлек көрмедегі әр күн ән мен биге толы. Кешке қарай арнайы шоу қойылады. Бұл – жұмыс күнінің шарықтау шегі. Ерекше көрініс лазерлік жарықтардың көмегімен жасалады. Келген меймандар қараңғы түскенше талай қызықтың куәсі болады. 7 минуттық шоу күн сайын түрленеді.

Андре Лонкле, Ұйымдастырушы компания менеджері:

– Сәуір айында кастинг өткіздік. Айта кету керек, шоуға қатысушылардың барлығы – қазақстандық бишілер. Ал биді қою үшін Париждегі «Диснейлендте» жұмыс істеген хореографты шақырдық.

«Болашақ энергиясын» әр мемлекет түрлі бағытта айшықтаған. Осылардың әрқайсысы біздің игілігімізге айналатыны ақиқат. Адамзаттың ортақ үй құру үшін әлі де ынтымақтастық ететін мүмкіндігі зор. Ал кез келген өзгеріс ұмтылысты талап ететіні хақ.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Азамат Сәметов, Дәурен Жұрхабаев

10. ЕХРО 2017

Қазір ғаламторға кірсеңіз, көзіңізге көбірек шалынатын сөз – «ЭКСПО-2017». Әлеуметтік желідегі жағдай да солай. «ЭКСПО-2017» хэштегі көш бастап тұр. Бұдан халықаралық шараның халық назарында екені байқалады. Жалпы өзіміз ғана емес, өзгелер де көрмеден көп дүние күтетін сыңайлы. Оған шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жарыса жазуы дәлел.

Жансая Қожахметова, шолушы:

– Талайдың таңдайын қақтырған ЭКСПО көрмесі туралы төрткүл дүниенің тілшілері жазып жатыр. Мәселен, америкалық беделді басылым Forbes журналы «Астанадағы көрмені тамашалауға 5 себеп» деп аталатын мақала жариялады. Алғашқы себептердің бірін «Астана – көрме өткен елдердің ішіндегі ең ерекше қала» деп көрсеткен. Екіншіден, Қазақстанда көрмеден басқа көрікті жерлердің көбін жазып, үшіншіден, баламалы қуат көзі мен болашақ энергиясы көсіліп ой қозғауға ауқымы кең тақырып екендігін көрсетті. Ал төртінші себеп деп, еліміздегі заманауи техникалық жаңалықтар көру мен айтуға тұратындығын айшықтап берді. Forbes журналының пікірінше, «ЭКСПО-2017» көрмесіне келудің бесінші себебі – жан-жақтан жиналған жаһан жұртшылығымен пікір таласып, тәжірибе алмасуға орасан зор мүмкіндік берілген алаң.

Автор күллі әлем көз тіккен көрменің кереметтілігін біздің елдің қонақжайлығымен, бас шаһардың ерекшелігімен етене байланыстырады. Ал испандық Eldiario.es басылымы көрме барысын жан-жақты суреттеп, Испания королі Филипп алтыншының ашылу салтанатына куә болғандығын айрықша ыждағаттылықпен атап өткен.

Ал Қытайдың Guangming газетінде қазіргі халықаралық қатынастарды зерттеу институты Орталық Азия бөлімінің зерттеушісі Вань Цзуньнің көрме жайлы пікірі жарияланды. «XXI ғасырда «жасыл экономика» үздіксіз даму жолына түседі. Астана ЕХРО көрмесі «Болашақ энергиясы» тақырыбы арқылы бүгінгі заманға сай адамзат өркениетіне «жасыл экономиканың» даму жоспарын дайындап берді. Бұл Қазақстан экономикасына жаңа қуат әкелумен қатар қазақ елі мен Қытай экономикасын анағұрлым сапалы, нәтижелі бағытқа бастайды» делінген мақалада.

Ал 212-ден астам елге тәулігіне 24 сағат ақпарат тарататын америкалық CNN телеарнасы өз сайтында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында қазақтың кіндік қаласына келетін меймандар үшін көрікті жерлер тізімін жариялады. Мақалада «Аз уақытта бой көтеріп, сәнді сәулетімен ерекшеленетін Астана осы жазда әлемнің назарын аудармақ» делінген. CNN-дықтардың пікірінше, елордамыздағы айшықты жерлер көшін «Бәйтерек» монументі бастап, Астана балет театры, Ұлттық мұражай, Бейбітшілік және келісім сарайы және тағы да басқа сәулет туындылары қостап тұр.

Алдағы 100 күннің ішінде Қазақстан қуат көзінің жаңаруы мен жылыжайлық газдармен күрес орталығына айналатындығын тақырыпқа тұздық етіп, италиялық Il Sole 24 Ore интернет-басылымы хабарлайды.

Қуат көзінің баламалы түрін әлемдік деңгейде дамытуда «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызы зор. Бұл мәлімдемені ресми порталында индонезиялық «Джакарта Пост» басылымы жариялады. Индонезиялық сарапшылардың сөзінше, көрмеге қойылған заманауи технологиялар әлемнің түкпір-түкпірінде қолданысқа ие бола алады.

Халықаралық көрмені тамашалауға келген Ұлыбритания делегациясының жетекшісі Чарльз Хенри «Нұр Әлем» ғимаратына тамсанып, оның жаһандық сәулет өнерінің үлгісі бола алатындығын тілге тиек етті.

Түрік ақпарат құралдары да ЭКСПО жайында жан-жақты мәлімет таратып жатыр. Мәселен, TRT Haber басылымының тілшілері елімізде өткен халықаралық көрменің ашылу салтанатынан ерекше әсер алғандығын жазып, «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы іс-шара көз тартарлық екендігін әрі жоғары деңгейде өтіп жатқандығын сипаттайды.

Бельгиялық бұқаралық ақпарат құралдары да әлем тамсанған ЭКСПО туралы тұрғындарын құлағдар етті. Brussels express газетінде Антонио Бускардинидің «Болашақ энергиясы – Орталық Азиядағы пікірталас» атты мақаласы жарық көрді. «2017 жыл мемлекет үшін айтулы жыл болып тарихта қалады. Күллі әлем көз тіккен ЭКСПО көрмесінің өтуі Қазақстанды әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылуына бір қадам жақындата түседі», – дейді Бускардини өз мақаласында.

Міне жаһанның айтулы арналары мен белді басылымдары Астанадағы ЭКСПО көрмесі жайлы жарыса жазғандығын жіпке тізіп бердік. Осылайша әлем елдері Қазақстан деген кең байтақ Отанымызды тани бастады. Бұл – тұғырлы тәуелсіздігіміздің арқасы. Бағалай білгенге бұл да бір бақыт.

11. ЕХРО 2017 көрмесі

«ЭКСПО-2017» көрмесі көп дүниенің ілгері басуына түрткі болмақ. Алдымен, әрине, макет-сызба күйіндегі болашақтың технологияларына тіл бітіреді. Сонымен қатар ұлттық мәдениетті де ұлық етіп, күллі әлем әйгілемек. Көрме қалашығынан аса қашық емес жерден этноауыл құрудағы мақсат сол. Және ол мақсаттың межеге жетер мүмкіндігі мол. Себебі қызығушылық танытқан халықтың қарасы қалың.

Әнел Әлібай, шебер:

– Әртүрлі техникада жұмыс істеймін. Сулы, құрғақ немесе нанокиіз техникасы бар. Ол – жібек матасымен киізді бірге басу техникасы. Картинаны қазір сулы техникада жасап жатырмын. Кепкеннен кейін кейбір жерлеріне құрғақ техника қосамын.

Халықаралық көрме қарсаңында іске қосылған этноауылға барып, қазақтың ұлттық өнері мен салт-дәстүрін көремін дегенге таң алагеуімнен күн батқанға дейін есік ашық. Кіру тегін. Табиғи таза тағамнан ауыз тиіп, денсаулыққа пайдалы спорт түрлерімен сергігенге не жетсін?! Мұнда келген адам жанталасқан өмірден жыраққа, яғни тыныштыққа шыққандай сезімге бөлінеді. Ендеше қызықтан құр қалмаңыз.

Біздің Жер анамыз мұхитта жүзген алып кеме тәрізді. Ал кемедегілерде келісім болмаса, олардың суға кетуі әп-сәтте. Демек бұл жалғанда «өзімдікі – таңсық, өзгенікі – қаңсық» деген пайыммен даму мүлдем мүмкін емес. Адамзат баласының мақсат-мүддесі ортақ болғаны оңды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осыған айрықша мән береді. Бірақ әлеммен әңгімемізді жарастыра отырып, ұлттық кодымызды да сақтап өркендету қажеттігіне Президент қатты көңіл бөлген. Себебі бүгінгі бәсекеде ұтылмай ұту үшін бабалар өсиетінен алар өнеге көп.

Бір ғана мысалды алға тартсақ. Біз елдігіміздің арғы түбі деп сақ-ғұндарды айтамыз ғой. Сол сақ-ғұндар да, одан кейінгі түрік-қыпшақтар да өз дәуірлерінде Еуразиядай алып құрлықтың басын құраушы, яғни «басты интеграторы» болған. Олар ұлы даланы мекен қылған өзге тайпаларды талай мәрте ауыздықпен су ішкенде аман алып қалды.

Сол ата жолын бүгінгі буын да жалғап келеді. Тәуелсіздігімізді алғалы бері қазақ елі әбігер әлемнің бағытын бір ету әлегінде. Нақты дәйек ретінде 20 жылдан астам уақыт бойғы қажырлы еңбектің нәтижесінде құрылған Еуразиялық экономикалық одақты айтуға болады.

12. Рухани жаңғыру

Күні кеше тарқасқан Астана экономикалық форумының оныншы отырысына қатысушылар бұл ұйымның ұпайын жоғары етті. «Еуразиялық экономикалық одақ құрлықтың интеграциялық орталығына айналуы мүмкін» деген баға берді. Еңбектің еленуі деген осы.

Ал енді қоғамдық сананы жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ. Бағдарламаларға жауаптылар осы аптада не тындырыпты?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Елбасы атап өткен ұлттық бірегейлікті сақтауға өміршең өнер сеп. Мәселен, Ресейдің Астрахань өлкесінде күй атасы Құрманғазы мұраларына деген құрмет жергілікті қазақ жұртының ұлттық рухын жоғалтпай, көршілес екі елдің мәдени байланысын қамтуға ықпалын тигізіп отыр.

Алексей Агеев, Астрахань облыстық мәдени құндылықтарды қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы:

– Астрахань қазақтары – осы өңірдің байырғы тұрғындары. Сол себепті біздер қазақтардың тарихи құндылықтарын құрметтейміз. Облыста 27 мектепте қазақ тілі оқытылады. Қазақ жастарының туған тарихын тануға барлық жағдай жасалған.

Биыл Құрманғазы мәдени кешені жанынан қазақ этноауылы ашылып, жұмыс істей бастапты. Келушілер XVIII-XIX ғасырдағы қазақтың ежелгі тұрмысы мен ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарымен танысады. Осылайша екі елдің тарихын терең тануға мүмкіндік алып отыр.

«Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Біз – текті халықтың ұрпағымыз. Ұлттық құндылықты тану бар да, оны дамыту жағы кемшін», – дейді зиялы қауым. Жасы 80-ге таяған жазушы, драматург Сайын Назарбек Мемлекет басшысы айтқан бастамаларды іске асыруға кірісіп кетті. Жас ұрпақтың ұлттық рухын ұлы Абай шығармалары қалыптастыруда 100-ден астам мектепте «Абай әлеміне саяхат» клубын құрды. Ондағы мақсат...

Сайын Назарбек, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

– Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасын Абайдың сөздерімен, Елбасы сөздерімен нәрлендіріп отыру. Сонда олар бойларына сіңірсе, қабылдаса, басқа жат пиғылдылардың сөзі оларға дарымайды.

Халқымыздың сан ғасырлық тарихында ұлттың қалыптасуынан бөлек әлемдік өркениетке қосқан үлесі аз емес. Мемлекет басшысы осы құндылықтарды жаһандану дәуірінде жұтылып кетпеуі үшін маңызды мәселелерді алға тартып отыр.

Алқажан Еділхан, «Туған Жер» бағдарламасының үйлестірушісі, зейнеткер:

– Біздің көшпелі халық, қазақ халқы ата-бабалары бұдан 5-7 мың жылға дейінгі әлемге не берді дейтін болсақ – бірінші дөңгелекті, дігіршікті тауып берді. Екіншіден, атты қолға үйретті. Үшіншіден, бұлар жиналмалы баспана жасады. Төртіншіден, бұлар құдық қазды. Міне, осы 4 бағыттың төртеуі де өркениет әлеміне сол әлемді игеруге көмектесті.

Көненің көзі тарихтан сыр шертеді. Қазақ жерінде әлемге таралған түркі мәдениетінің алтын қазығы саналатын көне шаһарлар көп. Қойнауы сырға толы Шірік Рабат қаласы. Мұнда біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың орта кезеңінде сақтар мекендеген. Зерттеушілер көне қала маңында көзешілер ауылының болғанын анықтады. 11 пештің және тұрғын үйлер мен шеберханалардың орнын тапты. Осыған қарап еліміздегі ең алғаш қыш құмыра өндірісі біздің заманымазға дейінгі IV-II. ғасырларда осы жерден басталған деген тұжырымға келді.

Жанболат Ұтубаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері:

– Пештер төртбұрышты және домалақ пештер бар. Олар екі қабаттан тұрады, ішіне оттық салғанда үстіне қыш ыдыстарын қойып күйдірген.

Археологтар Ертіс өңірінде бұрын-соңды болмаған құнды жәдігерді тапты. Екі дөңгелекті арба мен Сақ патшайымына тиесілі тәж қимақ дәуірінен сыр шертеді.

Қазір көне артефактілер танымал реставратор Крым Алтынбековтың шеберханасында қайта қалпына келтіріліп жатыр.

Крым Алтынбеков, реставратор:

– Ерекшелігі – екі дөңгелекті. Дөңгелектің диаметрі – 1,5 метр. Енді оның ортасына қойған шатыры үйшік талдан иіліп қоршалып жасалған. Жəне бас шаңырақ сияқты күмбезі бар. Ондайды үлкен дəрежелі адамдар ғана қолданылады.

Көне қорымнан табылған бұл олжа Қимақ қағанатының Ертіс өңірінде шоғырланғанын тағы бір мәрте айғақтайды. Ендігі міндет – зерттеу жұмыстарын жалғастырып, құнды жәдігерді жалпақ жұртқа жария ету.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын.

Елбасының бұл игі бастамасын құп көретіндердің бірі Қарағанды облысының Нұра ауданындағы Шахтер ауылында тұрады. Қарапайым ғана шаруа қожалығының жетекшісі Георигий Прокоп бүтіндей бір ауылдың іргесі ажырамай, берекелі тірлік кешуіне ұйытқы болып отыр.

Георгий Прокоп, фермер:

– «Туған жер» бағдарламасы – өте жақсы бастама. Егер әр бизнесмен өз туған өлкесін өркендетуге үлес қосса, аз уақытта ауылдың тірлігі түзеледі. Себебі кез келген жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен адамның әлеуметтік тұрмысына тәуелді. Үйінде береке болып, бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасаса, жұмыскер де барын салып еңбек етеді.

Ол басқаратын шаруашылық тек элиталық тұқым себетін облыстағы ең ірі шаруашылыққа айналды. Дәнді дақылдың сан түрін егеді. Түскен қыруар қаржыны қалтаға баспай, туған жердің гүлденуіне, ел әлеуетін әлдендіруге жұмсап жатыр. Соңғы бірер жылда елді мекенде бірнеше әлеуметтік нысан бой көтерді. Зәулім мәдениет үйі жұмыс істеп тұр. 25 метрлік жүзу бассейнінде балалар тегін дайындалады. Алдағы шілде айында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылмақ. Георгий Прокоп бұл әлеуметтік жобаларды салуға 400 миллион теңге қаржы құйыпты. Ауылға келген жас мамандарға баспана да салып берген. Қазір бірнеше үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Ал Маңғыстау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін арнайы кеңсе құрылды. Кеңсе мүшелері жер-жерді аралап, жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тың идеяларын қабылдауда.

Алқажан Еділхан, «Туған Жер» бағдарламасының үйлестірушісі, зейнеткер:

– Мысал үшін мен Оңды ауылында туып өстім. Енді мен үлкен кәсіпкер емеспін, қазір зейнеткермін. Мен ауылға не көмек көрсете аламын? Мен сол ауылдың қазақ тілінде жетілген картасын жасап беруге көмектескім келеді. Себебі менің өзімнің мамандығым да, өмір бойы жинаған құжаттарым да бар, осы ауылдың көне заманнан бергі картадан да жинақтағаным бар, оның ішінде әскери карталар да бар, кезінде құпия болған. Соның бәрін жинақтап, қазіргі жастардың пайдасына асыру мақсатында енгізгім келеді.

Бағдарлама үйлестірушілерінің айтуынша, туған жерін түлетуге тілек білдірушілер көп.

Қазірдің өзінде бірқатар жоба ұсынылды. Жақын күндері Ақтаудағы жағажайларда «жылжымалы кітапхана» жұмысын бастайды.

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Ардақ Асылханұлы, Арыстанбек Кенже, Нұрлан Жақыпбек, Гүлмира Әбішева, Ақмарал Есімханова