Жеңіс күні кең көлемде тойланып жатыр
Көпшілік сұрапыл соғыста қаза тапқандарды еске алып, рұхтарына тағзым етуде, деп хабарлайды 24.KZ.
Дәл қазір Абай облысынан тілшіміз тікелей байланысқа шығуға әзір.
Жеңіс мерекесіне орай Семейдегі «Жеңіс саябағында» салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиналған қала тұрғындарының қарасы қалың. Сұрапыл соғыста шейіт болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, бірер минуттардан соң мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады. Буыны қатпаған бала шағынан еңбекке араласып, ауыр жылдардың ауыртпашығын бастан өткерген тыл ардагерлері де осында.
Тұрысбек Балтабаев, еңбек ардагері:
Ешкім де ешқашан ұмытылмайды. Ерлік даңқы өшпейді. Биыл жыл санап қатары сиреп бара жатқан соғыс ардагерлеріне Жеңіс мерекесіне орай 2 миллион теңгеден берілді. Сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен соғыс жылдары концлагерлерде тұтқында болғандарға да бір реттік төлем жасалды. Бүгін сұрапыл соғыста қаза тапқан батырлар рухына тағзым етілді.
Рүстем Қайратұлы