Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасының журналисі күйзеліс туралы деректі фильм түсірді

Елде «клиникалық депрессия» деп айдарланатын жабық індет белең алған.

«Хабар» Агенттігінің журналисі Сәби Байбосынов аталған рухани дерт турасында деректі фильм түсірді. Автор бұл туынды арқылы адамдардың әлеуметтік норма мен қасаң қағидалар және стигматизация шырмауынан шыға алмай, күйзеліске түсуін әлсіздік емес, емдеуге болатын дерт екеніне назар аударады. Мәселенің әлеуметтік, мәдени және медициналық аспектілеріне жекелеген адамдардың тағдыры арқылы үңіліп көрді.

Деректі фильм бірнеше бөлімнен тұрады. Туындының визуалдық ерекшелігін, стиль, реңк, режиссура және таспагер жұмысының детальдары айқындай түседі. Фильм кейіпкерлерінің тіршілігі арқылы қоғамда әрбір адам түйсініп, ескере бермейтін күнделікті күйзеліске әкелетін жайттарға баса назар аударылады. Бұл жеке адамның тағдыры емес, қоғамдағы проблема.

Сәби Байбосынов, «Хабар» Агенттігінің журналисі:

- Оларға өмірдегі түйткілдерімен бөліскені үшін алғыс айтамын. Себебі берілмей, ашық, батыл күресіп жүрген жандар. Кейіпкерлерден әркім өзін көруі мүмкін. Өмір біреу ғана, оны ұдайы тайталаспен өткізу мұрат емес.

Деректі фильмді 1-ші ақпан күні «Хабар» арнасынан сағат 21:45-те көре аласыздар.