15 тамыз – Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Отырар топырағында дүниеге келген, әнімен кең даланы тербеткен қайталанбас дарын иесінің туғанына биыл 96 жыл толды.
Концерт барысында қазақ вальсінің королі, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың жүрекке жақын әндері, халық әндері, классикалық шығармалар және танымал композиторлардың таңдаулы туындылары орындалады.