Мемлекеттік тұрғын үй қорынан кімдер баспана ала алады? «Баспанаға бағыт»
Баспана мәселесін шешудің әртүрлі жолы бар: ол – сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй, кейіннен сатып алумен жалға алынған пәтерлер, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу.
«Баспанаға бағыт» бағдарламасының бұл шығарылымында әлеуметтік жағдайға байланысты кезекке тұрып, тұрғын үй алу туралы айтылады.