Батыр аналар. «Бүгін»
Ана болу – бір бақыт. Ал көпбалалы ана атану – ерлік. Өмірге ұрпақ әкеліп, батыр ана атанып жүрген отбасылардың жағдайы қалай? Жалпы елімізде көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек қандай?
Бағдарлама қонақтары: Айзат Асылбекқызы – көпбалалы ана, таксист-жүргізуші, Мейрамхан Жәпек – журналист, көпбалалы ана, Дәметкен Алпысбаева – көпбалалы ана, Рауан Ерғалиев – «Атамекен» ҚР ҰКП «Бастау Бизнес» жобасының әдіскері, Әйгерім Тәңірбергенова – Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары.