COVID-19: эпидахуал алаңдатады. «Бүгін»
Әлемді әбігерге салған індет жайында «Бүгін» бағдарламасында сөз етіледі. Қазіргі таңда қызыл аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облысы кіріп отыр. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері жаңа Қаулыға сәйкес сақтық шараларын күшейтіп жатыр. Сонда да індеттің ілмегіне ілінгендердің саны күн санап артып келеді. Облыс аумақтарында мерекелік және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Бүгінгі күннің мәліметіне сүйенсек, 22 131 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Студия қонақтары: 1. Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 2. Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі 3. Құралай Мырамытова, дәрігер-инфекционист 4. Айнұр Әлиева, дәрігер-терапевт