COVID-19: үшінші толқын. «Бүгін»
Өкінішке қарай, қатерлі дерт қайта күшейіп келеді. Елімізде бір күнде 18 адам коронавирустан қайтыс болса, соңғы тәулікте 1873 адамнан вирус анықталған. Бұған қоса жаһанды жайлаған қауіпті індеттің мутацияға ұшырауы да халықты алаңдатып тұр.
Не себепті жағдай ушығып барады? Егер елдегі эпидахуал осылай нашарлай беретін болса, елді алда нендей сценарий күтуі мүмкін?
«Бүгін» бағдарламасы осы сауалдарға жауап іздейді.