COVID-19: вакцинация қарқыны. «Бүгін»
Елімізде 1 ақпаннан бастап вакцина салу науқаны жүргізіліп жатыр. Алдымен медицина қызметкерлеріне, кейін педагогтарға салынды және тәртіп сақшылары да келесі кезекте бар. Көрсеткіштер бойынша екі айда 134 мың адам «Спутник V» вакцинасының бір дозасын, 38 мың адам екінші дозасын қабылдаған. Бұл халықтың шамамен 0,1% ғана.
Қазір толық, яғни вакцинаның екі дозасын да алғандар бойынша есептегенде Израиль елі алда келе жатыр. Онда жалпы халықтың 56% екпе алған. Одан соң Сейшел – 38,9%. Біріккен Араб әмірлігінде жалпы халықтың 22,1% короновирусқа қарсы вакцина салғызған.