Хабар телеарнасы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. «Бүгін»

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы мереке 1949 жылы Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының конгресімен бекітіліп, балалар күнін бірінші рет 1950 жылдың 1 маусымында атап өту шешімі қабылданды. Балаларды қорғау күнінің маңызы зор. Себебі бүгінгі таңда балалар қауіпсіздігі мен құқықтары өзекті мәселеге айналып отыр. ҚР Бас прокуратурасының мәліметі бойынша жыл сайын елімізде өкінішке қарай балаларға қатысты 4 мыңға жуық қылмыс жасалады екен. Ал кәмелекет толмағандардың жартысынан көбі отбасында зорлық-зомбылық көріп отыр. Балалардың қауіпсіздігін қалай қолға аламыз? Балалар құқығын қорғай алып жүрміз бе? Мемлекет тарапынан атқарылатын жұмыстар жайында «Бүгін» бағдарламасынан біле аласыздар.
Студия қонақтары:
1. Марат Бәшімов, қоғам белсендісі
2. Гүлнәш Қошқарова, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы
3. Әлия Әбсеметова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшесі
4. Алмагүл Алдабергенова, психолог
5. Шолпан Сейсенбаева, заңгер