Хабар телеарнасы

Биіктей бер, бас қала! «Бүгін»

Биыл ел астанасына 23 жыл. Осы жылдар ішінде астанамыз жаңа дәуірдің символына айнала алды ма? Қаланың Елорда мәртебесін иеленгеннен бергі жылнамасы нені көрсетеді? Тарих тереңінен тамыр тартатын астананың Бұзоқтан бүгінге дейінгі келбеті қандай?
«Бүгін» бағдарламасында осы сұрақтарға жауап іздеп, бас қаламыздың жетістіктерін сөз етеміз.

Студия қонақтары:

  1. Төлеген Мұхамеджанов, Мемлекет және қоғам қайраткері;
  2. Серік Рүстембеков, ҚР Еңбек сіңірген сәулетшісі, архитектор;
  3. Бақдәулет Жанділдаев, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Jas Otan» Жастар қанаты елордалық филиалының төрағасы;
  4. Ғани Мұратов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары;
  5. Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы;
  6. Ділдә Уәлибек, Халықаралық «Түркістан» газетінің тілшісі, жас ақын.