Күйің қалай, шаруа?. «Бүгін»
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі кезекті Жолдауын арнады. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп аталған Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтты. Қоғамдық өмірдің түрлі салалары қамтылды. Соның ішінде ауыл шаруашылығындағы түйткілді проблемалар мен жайылымдық жерді тиімді пайдалану мәселесі сөз болды. «Бүгіннің» талқысына осы тақырыпты негіз етіп алып отырмыз.
Студия қонақтары:
1. Бауыржан Ысқақов, экономист
2. Мұхтар Тайжан, экономика ғылымдарының кандидаты
3. Қайнар Абасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
4. Құрмет Талапқазы, қоғам белсендісі
5. Нағымет Шерниязов, Арал ауданының тұрғыны
6. Мұрат Сарманов, Қазақстан фермерлері қауымдастығының Атырау облысы филиалының директоры