ҮЙІ ЖОҚТЫҢ КҮЙІ ЖОҚ. «Бүгін»
Елімізде «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты бағдарламалардың мерзімі аяқталғанымен, тұрғын үй нарығында өзге ипотека түрі әзірленеді. Өйткені нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында айтты. Әлеуметтік саланың осы күрмеулі мәселесі «Бүгіннің» алаңында талқыланбақ.