Отан отбасынан басталады. «Бүгін»
Қыркүйек айының екінші жексенбісі күні Қазақстанда «Отбасы күні» аталып өтеді. Бұл мейрам алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітіліп, осымен сегізінші жыл мерекеленіп келеді. Берік отбасы қашан да елдің тірегі, Отанның жүрегі. Отбасы саясаты мемлекетіміздің басты назарында екені сөзсіз. Бақытты отбасы болудың кілті неде? Мықты, тамырлы отбасы қалай құрылады? «Бүгіннің» алаңы отбасы тақырыбына арналмақ.
Студия қонақтары:
1. Ләззат Рамазанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы;
2. Шахмардан Байманов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы;
3. Әлия Сыздықова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны;
4. Ершат Оңғар, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти;
5. Зарина Омарова, әнші