ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ЖЕҢІЛ ЕМЕС ЖОЛЫ. «Бүгін»
Еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласы ішкі нарықтың 8% ғана қамтамасыз етіп отыр. Үкімет «Бизнестің жол картасы» сынды мемлекеттік бағдарламаларда жеңіл өнеркәсіпке ерекше басымдық берсе де, сала өрге басар емес.
Тігін, тоқыма, тері өңдеу өндірісінде қордаланған мәселе көп. Шикізат, заманауи жабдық, кәсіби маман тапшылығы...
Жеңіл өнеркәсіптің жағдайы неге жеңілдемей тұр? Өндірісте бұл сектордың дамуына не кедергі?
Әлеуметтік-экономикалық саланың түйткілдері «Бүгіннің» алаңында сала мамандарымен бірге талқыланбақ.
Студия қонақтары:
1. ЛӘЗЗАТ ЖАНМОЛДАЕВА, экономист
2. САМҒАУ НӘСІПХАН, кәсіпкер
3. ЖАНАРБЕК ҚУАНҰЛЫ, кәсіпкер
4. ГҮЛНӘР ИГЕМБАЕВА, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігінің сарапшысы