Ғылым таппай мақтанба. «Бүгін»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндеттердің тұрғанын айтты.
Білім сапасын ілгерілету, жетекші ғалымдардың жалақысын көтеру, ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша Үкіметке нақты тапсырмалар берді.
«Бүгін» бағдарламасында ғылым саласындағы түйткілдерді тілге тиек етіп, шешімін табуға тиісті мәселелерді көтереміз.
Студия қонақтары:
1. Құрманғалиева Жанна Дулатқызы, ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің төрағасы
2. Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы, ҚР БҒМ М. әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы
3. Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы, Экономикалық саясат институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы
4. Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы, ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик.
5. Мақсат Жабағин, Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, биология ғылымдарының кандидаты, PһD