«Жасыл Қазақстан» – жарқын болашақ. «Бүгін»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7-қазанда ОН ұлттық жобаны бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Жоба міндеттері орындалса, 2025 жылға қарай Қазақстан экономикасы дамыған, экологиясы жақсарған, білімі һәм медицинасы алға жылжыған мемлекетке айналады.
«Бүгін» бағдарламасының бұл шығарылымында ел экологиясы, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын талқылаймыз.
Студия қонақтары:
1. Ерболат Қожықов, ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің басқарма басшысы;
2. Мәди Нұрпейісов, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқарма басшысы;
3. Қайратғали Хайролла, «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы» жшс стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры;
4. Сейфулла Смайлов, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы орта білім беру институтының жетекші ғылыми қызметкері;
5. Орденбек Мазбаев, география ғылымдарының докторы, профессор;
6. Лаура Маликова, тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы.