Омикрон: жаңа штамның қаупі неде? «Бүгін»
Соңғы екі аптада омикрон штамы әлемдегі эпидахуалды ушықтырып жіберді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сай, өткен жеті күнде 19 миллион адам вирус жұқтырған. Мамандар әлем бойынша COVID-19 індетінің 300 миллионнан астам жағдайы тіркеліп, салдарынан 5 миллионнан астам адамның қайтыс болғанын айтып, дабыл қағуда.
Таралу қаупі өте жылдам деп танылған Омикрон штамы туралы не білеміз? Үкімет жаңа штамның таралуына жол бермеуге қатысты қандай шешімдер қабылдауда? Қауіпті індеттен қалай қорғану керек? «Бүгін» бағдарламасында осы сұрақтарға жауап іздейміз.
Студия қонақтары:
1. Жұмабек Бекенов, эпидемиолог;
2. Құлжабаева Раушан Нұрболатқызы, Шипагер-Ұлы Дала емханасының емдеу және алдын-алу жөніндегі директор орынбасары, жоғарғы санатты бала дәрігері;
3. Роза Баженқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының орынбасары.