Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі. «Бүгін»
Елімізде білім беру жүйесін қайта қарастыру қажет. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елордада өткен отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде көтерген мәселенің бірі. Сондай-ақ Президент мемлекеттің сапалы техникалық мамандар даярлауға түбегейлі кірісетінін және «Болашақ» бағдарламасының бағдарын осы бағытқа бұру керек екенін айтты.
Білім алушыларды техникалық салаларға бағыттау қалай жүргізілмек? Жалпы отандық білім саласына бүгінгі таңда қандай өзгерістер керек? «Бүгіннің» алаңында осы және өзге де мәселелерді талқылаймыз.
Студия қонақтары:
1. Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
2. Аятжан Ахметжан – Нұр-Сұлтан қ. №90 гимназия директоры;
3. Ерболат Мұхамеджан, Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы;
4. Исламбек Салжанов, меценат, қайырымдылық қорының жетекшісі.