Хабар телеарнасы

Халықтың әл-ауқатын көтеру: міндет пен меже. «Бүгін»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.  Жиында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, биылғы іс-қимыл жоспары талқыланды. Мемлекет басшысы Үкіметтің жуық арада шешуі тиіс мәселелерін көрсете келе, халықтың табысын арттыру және теңсіздікті азайту басым міндеттің бірі екенін қадап айтты.

Бұл мәселе басты назарда болуы тиіс. Әсіресе халықтың әл-ауқатын көтеруге ерекше көңіл бөлінуі керек. «Бүгін» алаңында осы тақырыпты талқылаймыз.

Студия қонақтары:

  1. Айгүл Сәдуақасова- ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Социология орталығының жетекшісі
  2. Бибігүл Нұрашева - PHD докторы, еңбек құқығы саласы бойынша эксперт
  3. Ирак Елекеев, қоғам және мемлекет қайраткері
  4. Қайырбек Арыстанбеков, экономист, ҚР Президенті жанындағы Реформа жөніндегі Жоғарғы Кеңестің комитет мүшесі
  5. Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы