Қуатты өңірлер – қуатты ел. «Бүгін»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында бірқатар маңызды мәселер көтерілді. Іргелі бастамаларды көтерген бұл Жолдаудағы қазақ жұрты үшін ерекше қуанышты жаңалық - еліміздегі үш облыстың қайта құрылуы болды. Осы ретте, Үкіметтің алдында Мемлекет басшысының тапсырмасын нәтижелі іске асыру міндеті тұр.
Өңірлерді қаржыландыру тәртібі қалай жүреді? Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеріп, жергілікті тұрғындардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік бере ме?
Студия қонақтары:
1. Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі;
2. Берік Әбдіғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
3. Айбек Паяев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
4. Қайырбек Арыстанбеков, Президент жанындағы реформа жөніндегі жоғарғы кеңесінің комитет мүшесі, экономист.