Ғылым таппай мақтанба. «Бүгін»
Тарих, қазақ тілі, философия, археология, математика, шығыстану және басқа да салалар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген 4 мыңнан аса ғалым тұрақты еңбекақы алатын болды. Жас ғалымдарды қолдау үшін постдокторантураға мың грант бөлінді. Арнайы конкурстар басталды. Соның аясында 2 мыңнан астам жас ғалым 17 миллиард теңгенің грантын алды. Ғылым саласында осы сынды жаңалықтар көп. Отандықтың ғылымның жайын «Бүгіннің» алаңында талқылаймыз.
Студия қонақтары:
1. Думан Орынбеков, ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары
2. Бүркітбай Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор
3. Лаура Тілепова, IT маманы
4. Әмір Қуат, биотехнолог, кәсіпкер
5. Еламан Айболдинов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы