Жастар әскерге баруға неге құлықсыз? «Бүгін»
Қарулы Күштердің құрылғанына биыл 30 жыл. Тәуелсіздік жылдарында елеулі өзгерістерді басынан кешіре отырып, Қазақстан Қарулы Күштері елді сыртқы қатерлерден қорғаудың, халықтың егемендігі мен тыныштығын сақтаудың кепілі болды.
Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіпсіздікті одан әрі сақтау әрі бекемдеу мақсатында Қазақстан армиясын реформалау жөнінде тапырма берді.
Олардың ішінде қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жетілдіру, әскерлерді даярлау, саланы цифрландыру, әскери инфрақұрылымды дамыту және әскери қызметтің беделін арттыру жөнінде міндеттер тұр.
Студия қонақтары:
1. Тілеухан Басхожаев, Кеңес одағының батыры, халық қаһарманы, армия генералы, С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің бастығы;
2. Файзолла Кәменов, ҚР ҰҚК запастағы полковнигі;
3. Бақытжан Ертаев, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант;
4. Рауан Қабдолданов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери патриоттық қызмет басқармасы ақпараттық бөлімінің бастығы.