Халық елді басқару ісіне қалай араласа алады? «Бүгін»
Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша 5 маусымда республикалық референдум өтеді. Конституцияға енгізілгелі отырған бұл өзгерістерді бес бөлікке бөліп қарастыруға болады. Солардың бірі әрі аса маңыздысы – елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту.
Ал халық елді басқару ісіне қалай араласа алады? Нендей құзыреттерге ие болмақ? Оның механизмі қалай жүзеге асады? Осы сынды сан сауалға «Бүгінің» алаңында жауап іздейміз.
Студия қонақтары:
1. Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры;
2. Жамаладен Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы, профессор;
3. Ләззат Ахатова, заңгер;
4. Бақдәулет Жанділдаев, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты.