Балаларды кімнен және неден қорғаймыз? «Бүгін»
Балаларымыздың өмірі мен құқығы заңмен қорғалған дерміз. Ал аталған заңдар мен заңды талаптар орындалып отыр ма? Қоғамды есеңгірететін және жыл сайын қайталанатын балалар өлімінен кейін біз осы балаларды дұрыс қорғап жүрміз бе деген сауал туындайды. Бауыр етіміз – баланы кімнен және неден қорғауымыз керек?
Студия қонақтары:
1. Тілеуберді Мәдиев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Өртті сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасы бас маманы азаматтық қорғау майоры;
2. Ләззат Разбекова, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты;
3. Тұрар Сәттарқызы, қоғам белсендісі;
4. Марал Сарыбасқызы, психолог;
5. Олжас Байназаров, №2 Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасының травматолог дәрігері;
6. Ержан Жақсылықов, ҚР ІІМ, Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы.