Ел болашағы – білімді ұрпақ. «Бүгін»
Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді. Сөйтіп елімізде Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрліктері құрылды. Президент Жарлығымен Оқу-ағарту министрлігін Асхат Аймағамбетов басқарады. Ал Ғылым және жоғары білім министрі болып бұған дейін Мәжіліс депутаты қызметін атқарған Саясат Нұрбек тағайындалды. Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ инклюзивті білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері оқу-ағарту министрлігіне берілді. Ал жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне өтті.
Студия қонақтары:
1. Шәкәрім Сейсенбай, білім саласының сарапшысы
2. Роза Есенбаева, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
3. Ерболат Мұхамеджанов, М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ басқарма төрағасының орынбасары
4. Күнімбала Ізтөлеуқызы, Нұр-Сұлтан қ. М. Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы директоры