Еңбек адамдары елімізде қалай бағаланады? «Бүгін»
Отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген, заңға бағынатын адамдар құрметке ие болуы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында осылай деген еді. Осы тұста «БҮГІН» бағдарламасында еңбек адамдары туралы сөз қозғап, жұмысшы қауымның мәселесін тілге тиек етеміз.
Еңбек адамдары елімізде қалай бағаланады? Жастардың адал еңбекке деген көзқарасы қандай?
Студия қонақтары:
1. Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі
2. Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті
3. Жамаладен Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы, профессор
4. Жигули Дайрабаев, «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ төрағасы