«Қолда я жолда». Қатысушы банк ұсынысын қабылдағанына өкініп қалды ма?
Бір негізгі және 22 қосымша ойыншы қатысатын телевизиялық шоу білімнен гөрі ішкі түйсік пен сәттілікке негізделген. Ортаға шыққан қатысушы міндеті – алдында тұрған 22 жәшікті ашу. Бұл жәшіктерде 1 теңгеден бастап, 3 миллионға дейінгі сома көрсетілген. Қатысушы ең көп қаржы жасырылған сандықты ойын соңына дейін сақтап қалуы керек.
Соңғы кезеңде банк 45 000 теңге ұсынды. Қатысушы ұсынысты қолдай ма, жолдай ма?