Хабар телеарнасы

Қолда я жолда

Қолда я жолда

Бір негізгі және 22 қосымша ойыншы қатысатын телевизиялық шоу білімнен гөрі ішкі түйсік пен сәттілікке негізделген. Ортаға шыққан қатысушы міндеті – алдында тұрған 22 жәшікті ашу. Бұл жәшіктерде 1 теңгеден бастап, 3 миллионға дейінгі сома көрсетілген. Ойыншы бағдарламаның бастапқы бөлігінде барынша ең төменгі соманы тауып, олардан құтылу керек. Ойын шарты бойынша соңына таман қомақты соманың қалғаны маңызды.Тәуекелге барғысы келмейтін ойыншы банктің ұсынысын қабылдап, ойыннан шыға алады.

Шоу адамның сезімін, ойын барысында адамдардың қалай әрекет ететінін, әртүрлі ұтысқа ие болған кезде қандай көңіл-күйде болатынын көрсетеді.

Қатысушылар - әлеуметтік деңгейдегі адамдар. Олардың арасында жүлделер ойнатылады. Сондықтан жобаның әлеуметтік маңыздылығы өте жоғары. Өйткені қарапайым адамдар бағдарламаға қатысып, өздерінің қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін негізгі 3 000 000 теңге ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.