«Қолда я жолда».Қатысушы тәуекелге барып, өз сандығын ашты
Бір негізгі және 22 қосымша ойыншы қатысатын телевизиялық шоу білімнен гөрі ішкі түйсік пен сәттілікке негізделген. Ортаға шыққан қатысушы міндеті – алдында тұрған 22 жәшікті ашу. Бұл жәшіктерде 1 теңгеден бастап 3 миллионға дейінгі сома көрсетілген. Ойыншы бағдарламаның бастапқы бөлігінде барынша ең төменгі соманы тауып, олардан құтылу керек. Ойын шарты бойынша соңына таман қомақты соманың қалғаны маңызды. Тәуекелге барғысы келмейтін ойыншы банктің ұсынысын қабылдап, ойыннан шыға алады.