«Қолда я жолда». Қатысушы 3 млн теңгенің сандығын таба алды ма?
Бір негізгі және 22 қосымша ойыншы қатысатын телевизиялық шоу білімнен гөрі ішкі түйсік пен сәттілікке негізделген.
Ортаға шыққан қатысушының мақсаты – аз мөлшердегі ақшасы бар қораптарды ашып, қомақты сомасы барларын қалдыру. Бұл жәшіктерде 1 теңгеден бастап, 3 миллионға дейінгі сома жасырылған.
Дегенмен ойын біз айтқандай жеңіл емес. Бағдарлама барысында Банк өзінің ұсыныстарымен қатысушыға хабарласып отырады. Оның міндеті – ойыншыға қомақты қаржыны иеленуге мүмкіндік бермей, аз сомаға келісу.