Хабар телеарнасы

Шәкен Айманов. «Майталман». «Тарих. Тағдыр. Тұлға»

Шәкен Аймановтың ұлт руханиятына сіңірген еңбегі орасан. Ол қазақ сахнасында романтикалық театр мектебін қалыптастырды. Қысқа ғана ғұмырында «Жамбыл», «Атамекен», «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» сынды қазыналарды қазақ мәдениетінің тарихында қалдырды.

Оның актерлік болмысы тұлғалы, іргелі кейіпкерлерді кескіндеуге бейім еді. Сахна саңлағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло бейнелерін аса зор актерлік машықпен зерледі.

Заманынан оза туған кино кемеңгерінің мұрасы мәңгілік, оның еңбегі де, есімі де ұмытылмақ емес!