Әбіш Кекілбаев. «Тарих. Тағдыр. Тұлға»
Ол жазуға еш қиналмайтын. Сөйлегенде көкейінен көркем сөз өздігінен өрнектеліп, көкірегінен түйдек-түйдек ой таудан құлаған сарқырама секілді тоқтаусыз төгілетін. Оның әлемі кәдімгі жақұт секілді жарқырап, жан-жағына шуағын шашты. Қаламгердің өзге ақын-жазушыларға ұқсамайтын даралығы осында еді.
Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы арқау болған «Тарих. Тағдыр. Тұлға» бағдарламасының кезекті шығарылымын тамашалаңыздар!