«Ұлт жүрегі» деректі фильмі
Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі. (М. Жұмабаев)
Ақиық ақын Мағжан Жұмабаев ұстаздардың қоғамдағы орнын осылай айқындап берген. Оның маңыздылығы жаһандану заманында тіптен тереңдей түсті. Өйткені қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Соған орай жаңа фармацияның мұғалімі – баланы жеке тұлға етіп қалыптастырушы, тәлім тәрбие бастаушысы, ұлтқа жол нұсқаушы. Осы тұрғыдан ойлағанда ұстаз – мектептің ғана емес, бүтін бір ұлттың жүрегі.